• Бизнес & Қоғам
  • 13 Мамыр, 2021

Қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының қаулысымен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар бекітілді, деп хабарлады fingramota.kz сайты.

ЕРНАР ОРМАНОВ

Бағдарламаға түзетулер 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыздар алған, сондай-ақ  2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен ипотекалық қарыздар берілген халықтың әлеуметтік осал топтарына осы қарыздар бойынша олардың борыш жүктемесін одан әрі төмендету және жалғыз баспанасын сақтау мақсатында қосымша қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.  Бұл – қиын өмірлік жағдайға тап болуына байланысты табысы жоқ азаматтарды қолдау үшін қоғамдық ұйымдармен келіссөздердің нәтижесі.
Осы түзетулерге орай қаржылық қолдау шаралары кәме­летке толмаған­дардың немесе мүге­дектігі бар адам­дардың заңды өкіл­дері болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ қамқор­лығында (асырауында) халық­тың әлеуметтік осал тобы мәртебесі бар адам және еңбекке қабілетсіз азаматтарды күтіп-бағуға, емдеуге арналған шығыстарды көте­ретін қарыз алушыларға қосымша көрсетілетін болады. Қамқоршылық 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша расталуға тиіс.
Сондай-ақ бағдарлама  аясында таратылған «Астана банкі» АҚ берген ипотекалық қарыздары бар және бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қайта қаржыландырылған ХӘОТ санатындағы азаматтарға қол­дау шаралары көрсетілетін болады. Қар­жы­лық көмек алу үшін көрсетілген қарыз алушылар тиісті өтінішпен банк­тің Тарату комиссиясына жүгіне алады.
Кірісі төмен ипотекалық қарыз алушыларды қолдау үшін бағдар­ламаға енгізілген түзетулер ХӘОТ санатына жататын қарыз алушының жеке кірісінің екі ең төменгі күнкөріс шегінде сақталуын бекітеді. Бұл шара осындай қарыз алушылардың бюджетіне түсетін қаржылық жүкте­мені азайтады және оларға комму­налдық төлемдерді, азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді және қарыз алушы­лар­дың басқа да бірінші кезектегі қажет­ті­ліктерін төлеуге мүмкіндік береді.
Түзетулер Қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комис­сия құқықтарының кеңеюіне де әсер етті. Енді комиссиялар қарыз алушы­лардың бағдарламаның үшінші бағыты бойынша қосымша көмек көр­сету туралы өтініштерін қайта қарау бөлі­гінде банктер үшін міндетті бо­ла­тын шешімдер шығаруға өкілеттік алды.
Түзетулерде қаржыландыру немесе жалға алу талаптарымен тұрғын үйді банктің балансынан ХӘОТ санатына жататын бұрынғы меншік иесіне берген кезде, банктерге тұрғын үйді меншік иесіне банктің балансына бұрын қабылданғаннан аз шығындармен беру туралы дербес шешім қабылдау құқығын беру көзделеді.
Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары бойынша қарыздары қайта қаржыландырылған, сонда­й-ақ баспанасы банктің балансына өткен ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларға банктердің қосымша көмек шараларын көрсетуі үшін қарыз алушылар 2021 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде банкке тиісті өтініш беруі қажет.
Банктер Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (1 АҚШ доллары – 188,35 теңге) бағдарлама талаптарымен бұрын бір­жақты тәртіппен айырбасталған қарыздарды қайта қаржыландыруды аяқтайды. Осыған байланысты қарыз алушылар валюталық ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін 2021 жылғы 15 жел­тоқ­санға дейінгі мерзімде банкке жү­гінуі қажет.

699 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы