• Білім & Ғылым
  • 06 Мамыр, 2021

ЭКОНОМИКА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДАҒЫ КӨШБАСШЫ

Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­ситеті – еліміздің же­текші классикалық уни­верситеті мәрте­бесін иеленген, бір ға­сырға жуық тарихы бар жоғары оқу орындарының бірі де бірегейі. Қазақстанда ғана емес, ТМД және Орта Азия елдері бойынша да көшбасшылар қатарындағы білім ордасы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – классикалық уни­верситеттік білім беру мен озық технологияларды ұш­тас­тыра отырып, тео­риялық және прак­тикалық білім алуға мүмкіндік беретін оқу ордасы.

Университеттің бас­ты миссиясы – нарықтық эко­номиканың талаптарына сай бәсекеге қабілетті және жоғарыинтеллектуалды кадрлық әлеуетті құру болып табылады. Білім ордасы жыл сайын ұлттық және әлемдік еңбек нарығына 87 бакалавр, 98 магистр және 83 докторант мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.

 Өткен жылы ҚазҰУ QS (Quacquarelli Symonds) жаһандық рейтингінде 165-ші орынға ие болды. Бұл университетіміздің әлемдік бәсекеқабілеттілігін арттырудағы ұжымның бірлескен орасан зор еңбегінің нәтижесі екенін атап өтуге тиіспіз.

Университет 6 негізгі стратегиялық бағытта, атап айтқанда: сапалы білім беру, озық ғылым мен инновацияны ендіру, халықаралық ынты­мақтастықты кеңейту, тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарды нығайту, еліміздің әлеуметтік-эко­номикалық дамуына жастарды тиісінше тарту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізе отырып инфрақұрылымдарды жетілдіру, сонымен қатар қаржылық-экономикалық қызметтің тиімділігін жоғарылату бойынша жұмыс атқарады.

Осы орайда университетіміздің жетекші фа­культеттері арасынан – Экономика және бизнес Жоғары мектебін айрықша атап өткіміз келіп отыр. Еліміздің экономикалық даму тиімділігін арттыру жолында қызмет ететін жоғары білікті мамандар даярлау Экономика және бизнес Жоғары мектебі қызметінің басым бағыты болып табылады. Жалпы елімізде экономист мамандығы бойынша маман даярлау 1949 жылы университетімізде біздің факультеттің ашылуымен тікелей байланысты. Бүгінде Экономика және бизнес Жоғары мектебі – еліміздегі ең көне әрі көшбасшы факультет екенін жұртшылық жақсы біледі. Факультет жыл сайын бакалавр, магистр және докторант дәрежесінде 500-ден астам маман дайындап шығарады. «Экономика» кафедрасы – Экономика және бизнес Жоғары мектебіндегі 4 кафедраның бірі. Кафедрада ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары қызмет етеді. Олар ел экономикасын дамыту бағытында студенттердің ғылыми жобаларын жүзеге асыру мақсатында жөн сілтеп, жол көрсетеді. Экономика мамандығын тәмамдаған студенттер қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және жоғары білікті мамандар, олардың арасында Қазақстанның дамуына айрықша үлес қосқан көптеген танымал мемлекет қайраткерлері, ірі кәсіпорындар мен банктердің басшылары бар.

Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – мамандар даярлаудағы жетекші оқу ордасы. Біздің түлектеріміз университет қабырғасында алған өздерінің білімі мен тәлім-тәрбиесінің арқасында еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігімен танылып, жоғары сұранысқа ие.

Әсем ҚАЛИЕВА,

Экономика және бизнес

Жоғары мектебі доцентінің

міндетін атқарушы,

PhD, ғылыми жетекші,

Лаура БҮГЕМБАЕВА,

4-курс студенті

4075 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы