• Бизнес & Қоғам
  • 06 Мамыр, 2021

Отандық өнім тұтынушылардың көңілінен шығуда

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін отандық өнімдерді шығаруға дең қойылды. Бүгінде алып шаһар – Алматы қаласында шоғырланған өндірістік ошақтар осының бір айғағы деуге болады.

Солардың ішінде отандық өндіріс орындарының бірі – пластиктен және металдардан түрлі өнімдер: тұрмыстық, кеңсеге арналған жұм­сақ, корпустық жиhаздар, креслолар, орындықтар мен үстелдер шығаратын  ZETA компаниясы тоқсаныншы жылдардың соңында  құрылған болатын. Компанияның басты міндеті  – тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету болса, тапсырыс берушілер үшін жасалатын өнімдердің барлығы талапқа сай орындалғандықтан келушілер саны бір сәтке де толас­таған емес. Компания тобының негізін жоғары тәжірибелі менеджерлер мен инженерлер құрайды. ZETA білім беру мекемелері мен балабақшаларға, үй және кеңселерге, мейрамханалар мен кинотеатрларға және медициналық мекемелерге ар­налған жиһаз өндірісінде, бау-бақша шаруашылығына қажетті бұйымдар шығаруда Қазақстан нарығында алда келеді. Сонымен қатар, италиялық технологиялар мен  басқарудың жаңа әдістерін өндіріске ендірудің арқасында Еуропаның үздік дәстүрлері бойынша өзіндік жайлылық пен таңдаулы дизайнды ұштастыра отырып, былғарыдан, түрлі-түсті маталардан тұтынушының жоғары талабына сай жұмсақ жиһаздар жасауға мүмкіндік туды.

Бүгінде пластиктен жасалған бұйымдардың қолдану аясы кең. 1996 жылы 50 адаммен жұмысын бастаған компания бүгінгі күні 3 мыңнан аса адамды қызметпен қамтамасыз етіп, 6 мыңға жуық, оның арасында 2 мыңы пластикалық, өнім түрлерін шығаруда. ZETA жергілікті және аймақтық компаниялармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ағаш Өскеменнен, көбік резеңке Семей мен Петропавлдан, металл Қарағандыдан келеді. Осылайша, компания өніміндегі қазақстандық қамту 80%-дан асып жығылады.

2019 жылы Президентіміздің «Алтын сапа» сыйлығының лауре­ат­тығына ZETA компаниясы­ның өндіріп отырған креслосы ұсынылып, «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» атағын жеңіп алған болатын. Қазіргі таңда жиһаз ғана емес, пластикалық бұйымдар Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия елдеріне экспортталуда.

Еліміздегі бизнестің қарапайым халық алдындағы әлеуметтік жа­уапкершілігі туралы идеяны алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерді. Елбасымыз еліміздің бизнес өкілдерімен өтетін үлкенді-кішілі басқосулардың бәрінде дерлік, біз сіздердің бай-қуатты болуларыңызға барынша жағдай жасадық, жылдар бойы сіздердің ком­пания­ларыңыздың көтерілуіне жан-жақты көмек көрсеттік. Енді сіздер халыққа қарай бет бұруларыңыз керек. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарса, бизнестің болашағы да көркейеді, деген пікірді үнемі кәсіпкерлердің санасына сіңіріп келген еді.

Бүгінгі күні еліміз бойынша, 50 -ден астам ZETA дүкендер желісі бар. Алматы қаласында 4, Нұрсұлтан қаласында 1 зауыты жұмыс істеп, ха­лық­ты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Қазіргі таңда осы кәсіпорындар­да жасалатын орындықтардың көп бөлігі бүкіл Қазақстанға таралып, тапсырыс берушілер саны күннен күнге артуда, ал компанияның дизайнерлері әрбір өнімнің кескін-келбетін халықтың көңілінен шығатындай аса ыждаһаттылықпен жасайды. Сондай-ақ клиенттердің таңдауына кеңес беріп, мөлшеріне, түсіне, дизайны жағынан көмек көрсетеді. Өндірістік процеске қатысушылардың кәсіби деңгейін арттырып, күрделі, жоғары техноло­гиялық жабдықта жұмыс істейтін мамандарға тиісінше жағдай жасалуда. «Тапсырыс берушінің талап­тарының жоғары деңгейде орындалуын, тауарларымыздың беріктігі мен қауіпсіздігіне көңіл бөліп, іскерлік байланыстар орнатуды алға қойып келеміз. Өткен жылы пандемия кезінде компания клиенттер үшін  онлайн тапсырыс арқылы үй тауарларына арналған express.zeta.kz жаңа веб-сайт ашып, whatsapp-та жұмыс істеді. Интернет арқылы тапсырыс берушілерге интернет-дүкеннің менеджерімен таңдаған тауарларының бар екендігіне көз жеткізіп алғаннан кейін оларға тапсырыс нөмірі беріледі. Өтінім қабылдаған уақыттан бастап 5 жұмыс күні ішінде жеткізілуі тиіс. Интернет-дүкеннің менеджерімен келісе отырып, ыңғайлы уақытта басқа күнге ауыстыруға болады. Клиенттің тапсырысты қабылдау кезінде жеткізу бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен тауарлар тексеріледі»,– дейді маркетинг бөлімінің басшысы Тамара Сумарокова.

Заңға сәйкес, мысалы, өлшемі, түсі немесе стилі сияқты әдеттегі өнім көңілінен шықпаса, сатушыға 14 күн ішінде хабарласуы керек. Қандай да бір ақаулық табылған жағдайда, сатып алушы тауарды айырбастап немесе қайтара алады.

Егер сатып алушы сайтқа тапсырыс беріп қойып, бірақ ол тапсырыс­тан белгілі бір затты алып тастауы керек болған жағдайда, оны жою туралы сұрау жасай алады. Сондай-ақ егер тапсырыс беруші тауарларды кері қайтарған жағдайда, ZETA-ның веб-сайтына өтініш бере алады.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

329 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы