• Үкімет: іргелі істер үрдісінде
  • 06 Мамыр, 2021

Қарқынды дамумен қалыпқа оралу қажет

Үкімет жиынында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға тағы да шолу жасалды. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау тетіктері пысықталды. Үкімет іс-шаралар бойынша тұрақты түрде шешімдер қабылдауда.  

Халықты вакциналаудың қазіргі жағдайы мен барысы туралы баян­даған денсаулық сақтау министрі А.Цой әлемде COVID-19 бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітім жағдайы әлі де күрделі екендігіне тоқталды. Әлемде КВИ-дің 153 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 600 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3 млн астам адам қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші – 2,1 %. Сырқаттанушылық деңгейі жөнінен Қазақстан 107-орынды, ал өлім көрсеткіші бойынша 108-орынды көрсетіп тұр. 4 мамырдағы жағдай бойынша елімізде COVID-19 оң нәтижесімен 330 071 науқас және КВИ- нәтижесімен 53 093 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыс­тары эпидемиологиялық қатері жоғары аймақтар қатарында. Өткен аптада сырқаттанушылықтың 2%-ға төмендегені байқалады, өлім-жітім көрсеткіші өткен апта деңгейінде сақталып отыр. Ағымдағы жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша рес­публика бойынша инфекция­лық төсек-орындардың жүкте­месі 42% (15 517 төсек-орын), ре­анимациялық төсек-орындардың жүктемесі 28% (962 төсек-орын) құрайды. 
Қазір елімізде Спутник V, QazVac және Hayat-Vax вакциналары қолжетімді. Ведомство басшысы атап өткендей, вакциналау қарқынды жүруде, 1 сәуірмен салыстырғанда бірінші және екінші дозасын алғандар тәулігіне 12 есе, яғни тәулігіне 11 мыңнан 135 мың адамға дейін өсті. Бұл ретте 11 мың медицина қызметкері, 1000-нан астам стационарлық егу пункттері және 400 жылжымалы пункт жұмылдырылды. Вакциналау пункттері 2 ауысымда сағат 24.00-ге дейін және демалыс күндері жұмыс істейді.  
Вакциналау науқаны басталған сәттен бастап Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцинаның 1,8 млн-ға жуық дозасы қолданылды. Сонымен қатар, өңірлердің әкімдері қазір ауыл тұрғындарын вакциналау­ға назар аударуы, осы мақсатта жылжымалы медициналық кешендердің мүмкіндіктерін барынша белсенді пайдалануы қажет. Министрлік әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерін қайта қарады, оның ішінде ашық аспан астында қызмет ететін нысандар үшін, спорттық іс-шаралар өткізуде, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметінде уақыт бойынша бірқатар шектеулерді алып тастау, жеңілдіктер беру бар. КВИ-ға қарсы вакциналанғандар санының біртіндеп артуына және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына байланыс­ты КВИ-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен адамдар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды. Сонымен, COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен жағдайда ауруханаға жатқызудың кез-келген түрінде, ұйымдасқан ұжымдарға барғанда, вахта жұмысшыларына, демалыс­тан, іссапардан кейін медициналық қызметкерлерге, ауырып қалуына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде, медициналық ЖОО-лар мен колледждердің студенттеріне және тағы басқаларға ПТР тесті қажет емес. CОVID-19 расталған жағдайда олармен байланыста болғандар оқшауланбайды, бірақ медициналық бақылау­мен қамтамасыз етіледі, кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыспайды. Сондай-ақ 26 сәуірден «Ashyq» бағдарламасы барлық өңірлерде қолданыла бастады, 3 мыңға жуық қатысушы, 650 мың пайдаланушы тіркелді, шамамен 900 КВИ науқас және олармен байланыста болған 700 тұлға анықталды. 
Үкімет басшысы вакцина алғандар санының артуына қара­мастан, азаматтар белгіленген сани­тарлық нормаларды әрі қарай да қатаң сақтауы тиіс екенін атап өтті. «Вакциналаудың осы қарқынын төмендетпей, оны тек өсіру керек. Халықтың коронавирусқа қарсы вакцинаға қажеттілігін барынша қамтамасыз етіп, пандемия деңгейін төмендету үшін барлық шаралар іске асырылуда. Ауыл тұрғындарына вакцина салуға ерекше назар аудару керек», – деді А. Мамин. 
Жиында тағы бір өзекті мәселе – шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қаралды. Ұлттық экономика министрі Ә. Ерғалиев атап өткендей, пандемия мен бүгінге дейін жалғасып жатқан шектеулер жағдайында кәсіпкерлер қызметі үшін шағын және орта бизнесті қолдау ерекше өзекті. Биыл бұл  саланы жеңілдікпен несиелендіру жұмыстары жалғасуда. Осы жылдың 1 тоқсанында 663 млрд теңге сомасына 16 мыңнан астам жоба жеңілдетілген қаржыландыру алды. Жыл қорытындысы бойынша 2,5 трлн теңгеге жеңілдетілген несиемен 47 мыңнан астам жоба қамтамасыз етіледі. Экономиканың зардап шеккен секторларындағы ШОБ кредиттерін қайта қаржыландыру шеңберінде қолдау көрсетілуде. Былтырғы 15 наурыз бен биылғы 15 наурыз аралығында 475 млрд теңге сомасына 9 мыңға жуық жобаны қайта қаржыландыру үшін субсидиялар берілді. Ағымдағы жылы аталған тізбе 145 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне кеңейтілді. Кеңейтілген тізбе бойынша субсидиялар 132 млрд теңге кредиттік портфель сомасына 2 мың жоба бойынша төленеді. Мемлекет басшысы экономиканың зардап шеккен секторларында несиелерді жеңілдетілген түрде қайта қар­жыландыру мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырған болатын. Осының аясында 93 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші анықталды. 425,5 млрд теңге несие сомасына 6,7 мыңнан астам жобаны қамту жоспарлануда. 1 тоқсан қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде кредиттердің 232 млрд теңге жалпы сомасына 5 884 жоба субсидияланды, 87 млрд теңге несие сомасына 6 892 жоба бойынша кепілдік берілді. Аграрлық несие корпорациясы аясында 5,9 млрд теңге несие сомасына 134 жобаға қолдау көрсетілді. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы- 2025» бағдарламасы шеңберінде бизнесті микрокредиттеу жаңа бағыты басталды. Осы бағыт шеңберінде айналым қаражатына 5 млн-ға дейін және инвестициялық мақсаттарға 20 млн теңгеге дейін кредиттер беріледі. Бұл ретте 5 млн теңгеге дейінгі қарыздардың басым бөлігі соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде беріледі. «Еңбек» бағ­дарламасы шеңберінде қалаларда және ауылдарда бюджеттік микрокредиттер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылдық 6%-бен беріледі. Екінші жар­тыжылдықта «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын несиелендіру іске қосылады. Бұл микрокредиттер «Бастау Бизнес» түлектеріне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен құрылатын микроқаржы ұйымы арқылы берілетін болады. Жыл қорытындысы бойынша аталған бағдарламалар шеңберінде 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерін шағын несиелеумен қамту жоспарлануда. «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және шағын және орта бизнес кредиттерін кепілдендіру түрінде қолдау шаралары көрсетіледі. Бұл бағдарламалар бойынша кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесі төмендетіліп, 6% құрады. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында несиенің ең көп мөлшері 7 млрд теңгеге дейін, субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін ұлғайтылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие сомасы шектелмеген, ал субсидиялау мерзімі 10 жылды құрайды. Бұдан басқа, өткен жылы БЖК бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды, ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі 150 экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуішіне дейін ұлғайтылды. Пандемия салдарын ескере отырып, Үкімет бизнесті салықтық ынталандырудың бірқатар шараларын қабылдады.
А.Мамин Үкімет тұрақты түр­де «Атамекен» ҰКП-мен және өңірлік кәсіпкерлер кеңес­тері­мен бірге бизнесті аса толған­дыратын мәселелерді жедел қарап, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайтынын атап өтті. Үкімет басшысы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі өзек­тендірілген кешенді жоспардың уақытылы орындалуын, бизнесті салықтық ынталандыру бойынша заңнамалық түзетулер пакетін қабылдауды және алдағы 1 маусымға дейін Парламентте тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды. Мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, «Даму» қорына «Атамекен» ҰКП-мен бір­лесіп, бизнестің барлық қолдау түрлерін алу жөніндегі өтінімдерін қысқа мерзімде қарау тапсырылды.

Бетті дайындаған – 
Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

323 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы