• Цифрлы Қазақстан
  • 19 Мамыр, 2021

Сәлемдемелер үйіңізге дейін жеткізетін болады

Былтыр еліміздің тұрғындары «Қазпошта» АҚ қарасты сәлемдемелер супермаркеттері арқылы 11,2 млн тіркелетін пошта жөнелтілімдерін алған. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 4 миллионға жуық сәлемдеме берілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың мерзімімен салыстырғанда 500 мыңға артық. 

Салтанат ҚАЖЫКЕН

«Қазпошта» АҚ тұрғындар­ға барынша ыңғайлы қызмет көрсету үшін «GoPost Home» жобасын қолға алып отыр. Оның аясында клиенттер сә­лем­демелер супермаркетіне бармай-ақ, сәлемдемелер мен ұсақ пакеттердің үйге дейін жеткізілуіне тапсырыс береді.
Бүгінде «GoPost Home» қыз­меті пилоттық түрде Нұр-Сұлтан және Алматы қалала­рында жүзеге асырылуда. Оның ішінде бұл қызмет – елордада Орталық операциялық учаскеде және №20 қалалық пошта байла­нысы бөлімшесінде, ал Алматыда Орталық опера­циялық учаскеде қолжетімді.
Бір мекен-жайға 5 сәлем­де­меге тапсырыс беруге мүмкін­дік бар. Бұл жағдайда біріншісін жеткізу құны 1 000 теңгені құраса, қалған сәлемдемелердің әрқай­сысы үшін тек 200 теңге төлеу қажет.
Қазіргі таңда бұл қызмет Telegram-бот @KazPostBot арқылы қолжетімді. Клиенттің сәлемдемесі супермаркетке келген кезде оған аталған мес­сен­джер арқылы хабарлама жолданады. Егер оның тара­пынан сағат 16:00-ге дейін үйге жеткізу расталса, сәлем­деме сол күні қолға тап­сы­рылады.
Алдағы уақытта «GoPost Home» қызметі WhatsApp каналы және 1499 байланыс орта­лығы арқылы қолжетімді болады. 
«Қазпошта» АҚ жаңа қыз­меттің аясын кеңейтіп, еліміздің барлық облыстарын қамтуды жоспарлап отыр. Оның арқа­сында келешекте тіркелетін пош­та жөнелтілімдерін үйге дейін жеткізу қызметі өңір тұрғындары үшін қолжетімді болмақ. 
Бүгінде «Қазпошта» АҚ қарас­ты сәлемдемелер супер­мар­кет­терінің саны 237-ге жетті. Оның 127-сі қалаларда, қалған 110-ы аудандар мен ауыл­дарда орналасқан.

4616 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы