• Бизнес & Қоғам
  • 19 Мамыр, 2021

Отандық вакцинаның тиімділігі жоғары

Еліміз коронавирустық инфекцияға қарсы өз вакцинасын әзірлеген әлемдегі алтыншы ел атанды. COVID-19-ға қарсы отандық екпе QazVac сауда маркасымен шықты. Енді елде екпеге қа­тысты таңдау жасауға мүмкіндік бар.

Бақыт Бөжеева

Вакцина Биологиялық қауіп­сіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтының базасында жасалған. Оның қауіпсіздігі толық дәлелденді. Мамандардың айтуынша, жаңа өнім коронавирустық инфекцияға қарсы тұрақты им­мунитетті қалып­тастырады. 
«Бес түрлі вакцинаның арасында алғаш шыққан бұл инактивтелген, яғни өлтірілген вакцина. Бұл өлтірілген вирустан жасалған. Вакцинациядан өткен организм ауру­ға шалдықпайды. Оның ішінде ол өспейді. Әсер етпейді. Сондық­тан да оны біз клиникалық зерттеулерден өткізген кезде жоғары иммунагенді және толық қауіпсіздік көрсеткіштерді дәлелдеп отырмыз», – деді Биоло­гиялық қауіпсіз­дік проблемалары ғылыми-зерт­теу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья. 
Айта кету керек, биылғы жылдың басында елімізде ресейлік «Спутник V» вакцинасы қолданысқа енгізілді. Коронавирусқа қарсы 90 пайыздан астам көрсеткішпен күресе алса да, аталмыш екпенің де кемшілігі бар екен. Жалпы, «Спутник V» тек екі дозамен бір рет егуге жарайтын вакцина. Себебі, «Спутник V»-дің құрамында тірі аденовирустар бар. Сондықтан мысалы, бір жыл өткен соң осы вакцинаны қайта ексе, одан ешқандай қорғаныш әсері болмайды. 
Қазір әлемде COVID-19-ға қарсы көптеген мемлекеттер екпе салдыруда. Көрсеткіштер де жемісін беріп келеді. Мәселен, АҚШ-та ко­ронавирусқа шалдық­қандардың саны едәуір азай­ған. Бірақ, сонысына қа­рамастан кеселге толық тосқауыл қоюдың реті болмай тұр. Қазір әлем­де коронавирусты жұқтырушылар бойынша алғашқы ондыққа АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Түркия, Ресей, Ұлыбритания, Италия, Испания, Германия мемлекеттері кірген. Ал аталмыш кеселден көз жұмғандар бойынша АҚШ, Бразилия, Үндістан, Мексика, Ұлыбритания, Италия, Ресей, Франция, Германия, Колумбия ондықтың қатарында орналасқан. Дүниежүзінде 165 миллион адам коронавирусты жұқтырса, қайтыс болғандардың саны 3,4 миллионнан асып түскен. Бұл тек ресми дерек. Ал, шын мәнінде бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін. Ресми дерекке сүйенсек, елімізде 363 мың адам бұл вирусты жұқтырса, 4 мыңнан астам адам көз жұмған. Сондықтан қазір өте сақ болған жөн. Тіпті, екпе алған адамның өзі бетпердені тағып жүруі қажет.

883 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы