• Өндіріс
  • 19 Мамыр, 2021

Айналаға абзал көзқарас керек

North Caspian Operating компаниясы қоршаған ортаға шығарындыларды азайту үшін жаңа су тазалау нысандарын енгізуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен компания арасындағы келісім негізінде нысан құрылысы басталды. Сол арқылы мұнаймен бірге келетін судың құрамындағы ластаушы заттар көлемі төмендейді, дейді компаниядағылар.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

NCOC компаниясы бас дирек­торының орынбасары Ерлан Мара­баевтың айтуынша, су тазалау станциясының құрылысы табиғат қорғау қызметіндегі озық технологияларды қолданумен жүргізілуде. Жоба өндіріс пен экология проблемаларын қатар шешуге арналған. Тазартылған су көлемін арттыру арқылы Астра­хань-Маңғышлақ су құбырынан алынатын су көлемі 70%-ға азайып, булану тоғандарына жіберілетін су сапасы жақсармақ. Қосымша тазалау арқылы су құрамындағы метанол, мұнай, күкіртсутегі, темір және қатты заттардың көлемі қысқарады.
Экологиялық реттеу және ба­қы­лау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Сансызбаевтың сөзінше, бұрын мұнайдан қалған өндірістік сарқынды судың құрамындағы лас заттар көлемі шекті шамадан асып кету жағдайлары тіркелген. Жаңа жоба сол проблеманы жоюға мүмкіндік береді. Енді зауытта суды тазалау екі фаза бойынша: өндірісте және осы станцияда жүреді. Бұл шаралар метанол, мұнай, күкіртсутегі, темір және қалқыма қатты заттар сияқты ластаушы заттардың құрамын азайтуға септеседі. Сол себепті бұл экологиялық тұрғыдан өте маңызды шара. Оның үстіне Астрахань-Маңғыстау магистралінен келетін суды Атырау, Маңғыстау облыстарының халқы тұтынады. Мұнай компаниясы тұтынуды азайтса, су жергілікті халыққа жеткілікті болады.
Сарқынды суды тазалаудың экологиялық тиімділігін талқылау барысында су түбін тереңдету жұмыстарының тайыздануға, Каспий теңізі деңгейінің өзге­руіне, теңіз суының сапасына, ихтиофаунаға (бекіре тұқымдас және қара балықтар), жануарлар әлеміне (құстар, итбалықтар және т.б.) және қорық аймақтарына тигізетін әсері туралы мәселе­лер қарастырылды. Сондай-ақ Қашаған кен орны аумағында теңіз логистикасы нұсқаларын және Каспий теңізі деңгейінің өзгеруінің ұзақмерзімді болжамы талқыланды. NCOC бес теңіз аралында жұмыс істейді. Теңіз деңгейінің төмендеуі кеме қозғалысына, аралдар арасында­ғы тасымалдау және құтқару жұ­мыстарына кері әсерін тигізіп отыр. Сол себепті теңіз жолдарын тереңдету көзделген, бірақ арналар салу жоспарда жоқ. Каспий түбін тереңдету жұмыстары бағытында орын алуы мүмкін барлық қауіп-қатерлер күн тәртібінде тұр. Сондықтан өңір тұрғындарымен белсенді қарым-қатынас жүргізу үшін жергілікті экологтар мен жұртшылық өкілдерінен құралған мониторингтік топ құру туралы шешім қабылданды.
«Гидрология және ихтиология саласының ғалымдары жобамен танысуда. Су түбін тереңдету жұмыстары жаңа бағыттарда емес, қолданыстағы су жолдарында, 29 шаршы километрді құрайтын аумақта жүргізілетінін атап өткен жөн. Бұл – теңіздің солтүстік-шығыс бөлігінің 0,03%-ы ғана. Осылайша, балықтардың өріс аударуына және құстардың мекендеу ортасына елеулі әсері болмайды. Компаниямен шағын залалдарды өтеу әдістері қарастырылған. Теңіз лайлылығын азайту үшін жаңа технологиялар қолданылуда. Жоба үнемі біздің бақылауымызда болады», – деді З. Жолдасов.

13723 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы