• Атамекен
  • 27 Мамыр, 2021

СУЫҚТӨБЕ

Суықтөбе –  Іле Алатауының батысында орналасқан Жетіжол жотасының ең биік нүктесі. Теңіз деңгейінен биіктігі – 3272 м.
Жота Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан. Сілемнің батысы Кіндіктас жотасына ұласады. Шығысында Іле Алатауынан Қастек асуы және Қарақастек өзені арқылы бөлініп жатыр.  
Суықтөбенің басын үнемі бір шөкім бұлт торлайды. Әрі жел тұрып, жазда да салқын болып тұратындықтан Суықтөбе аталса керек. Жаңбырлы күндері бұлт бірінші Суықтөбенің биігін тұмшалайды. Қар да маусым айының ортасына таман толық еріп, бітеді. Шыңға жаяу шығуға болады, тек құрғақ шөптері аллергиясы бар адамдарға қиындық туғызуы мүмкін.

17882 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы