• Ақпарат
  • 27 Мамыр, 2021

Азық-түлік экспорты ұлғайып келеді

Қазақстан астығын терең өңдеу бойынша ірі экспортқа бағдарланған «Маревен Фуд Тянь-Шань» зауытының өнімін оқшаулау 95%-ға жетті, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 20%-ды құрады. Компания жұмысының алғашқы екі жылында өндірушінің кірісі 2 есе, ал экспорт үлесі 20%-дан 70%-ға дейін өсті.

Осыған байланысты жақында БАҚ саласында жұмыс істейтін журналистер қауымы аталмыш зауытқа барып, компания жұмысымен танысып қайтты. «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-нің директоры Бернард Вавржин тілшілердің сұрағына жауап беріп, зауыттың қазіргі және алдағы уақыт­тағы жұмыстары жайлы кеңінен мәліметтермен бөлісті. 
Бүгінгі таңда зауыт әлемге әйгілі Rollton және «BIGBON», «Петра» және Actibo брендтерімен өнімнің 65 түрін шығарады. Биыл сондай-ақ «Sunbell» маркалы лимонадтар өндірісі басталды. Зауыттың барлық жұмыс кезеңінде 7 желісі кезең-кезеңімен іске қосылды, онда тез әзірленетін кеспе, дәстүрлі макарон, сорпа, картоп езбесі, дәмдеуіштер, сусындар, чипсылар мен жеңіл тағамдар (снек) шығарылады. Rollton дәстүрлі макарон өнімдері итальяндық технология бойынша өндіріледі. Фабрика жарты миллиардқа жуық өнім шығарады және шамамен 70% экспортқа шығарылады.  Өндірілетін өнімдер Орталық Азияның барлық елдеріне, Ауғанстанға экспортталады, сондай-ақ Қытайға алғашқы жөнелтілімдер басталды.
Зауыт Тұңғыш Президентіміз, Ел­басы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан­дық шикізатты терең өңдеу бойынша тапсырмасын тікелей орындаудың алғашқы үлгісі болып табылады. Егер бұрын жоғары сапалы отандық астық шетелге тек шикізат түрінде сатылса, «Маревен Фуд Тянь-Шань» зауытының арқасында дайын өнім түрінде сатылады.
«Алматы облысы астықты терең өңдеу бойынша алғашқы болып қо­мақ­ты нәтиже көрсетті. Шын мәнін­де, бұл біздің бәсекелестікке қабілетті  ар­тық­шы­лық­тарымыздың бірі. Біздің барлық өнімімізде «Қазақстанда жасалған» деген жазу бар және 2025 жылға қарай барлық өндірілген өнімнің 80%-ға жуығы экспортқа жіберілетін болады», – деп атап өтті «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-нің директоры Бернард Вавржин.
Өндіріске салынған инвестиция­лардың жалпы көлемі 55 миллион долларды құрады, құрылыс алаңы 45 000 шаршы метрге дейін ұлғайды, ал кәсіпорынның төлқұжаттық қуаты бүгінде жылына 85 мың тонна дайын өнімді құрайды. Зауыт өндірістің өсуіне байланысты жұмыс орындарының саны 2 еседен астам өсті. Қазіргі таңда «Маревен Фуд Тянь-Шань» зауытында 600-ден астам адам жұмыс істейді, олардың 95%-ы Алматы облысының жақын маңындағы елді мекендердің тұрғындары болып табылады.
Компанияның жоспарында экспортты ұлғайту және өнім желісін кеңейту ғана емес, меншікті элеватор, ұн тарту комбинаты, сусындар құю цехы мен қосымша қоймалар салу тұр. Биылғы  жылдың соңына қарай соңғы екі нысан пайдалануға беріледі
«Маревен Фуд Тянь-Шань» – қазақстандық сауда-өндірістік FMCG компаниясы, ол тамақ өнімдерінің кең сұрыптамасын әзірлеуге, алға жылжытуға, өндіруге және оларды Қазақстан Республикасы аумағында және Орта Азия елдерінде сатуға мамандандырылған. Бұл Rollton, BIGBON, «Петра» және Actibo сияқ­ты танымал брендтер. «Маревен Фуд Тянь-Шань» – «Маревен Фуд Хол­дингс Лтд» халықаралық инвес­тициялық холдингінің еншілес кәсіп­орны, сондай-ақ Ресей мен Украинада да өндірістік активтерге ие. 
Жалпы «Маревен Фуд Тянь-Шань» – Қазақстанда 2018 жылы жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалардың бірі. Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Арна» өндірістік аймағында орналасқан кәсіпорында қазіргі кезде азық-түліктің 65 түрі, жылына 40 мың тоннадан астам дайын өнім шығарылады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

8848 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы