• Отандық өнім
  • 27 Мамыр, 2021

Тағам өнеркәсібі: Алдыңғы саптағы кәсіпорын

Отандық тамақ өнеркәсібінің бірі  – бұрынғы Алматы маргарин зауыты, бүгінде елімізде үздік тағам тұздықтарын өндіруші «Eurasian Foods Corporation» АҚ майонез, кетчуп, өсімдік майы, қыша жасап шығарады. 1962 жылы 11 маусымда ашылған  жарты ғасырлық тарихы бар зауыт  қазіргі таңда «3 желания», «Шедевр», «Златые горы» және «Золотой стандарт» тағамдық брендімен елімізде  ғана емес, Орталық Азиядағы май өнімдерін өндірушілердің арасында да танымал. Аталған холдинг  құрамына «Eurasian Foods Corporation» АҚ (Алматы), «Eurasian Foods» АҚ (Қарағанды) және «Eurasian Milk» ЖШС (Петропавл)  үш ірі тамақ өнеркәсіпорны кіреді. 

«Eurasian Foods Corporation» АҚ өндірістік қуатына сай жылына 15 000 мың тоннадан астам өнімді сатылымға шығарса, оның 65 мың тоннадан астамы тұздықтарды құрайды екен. Кәсіпорын дайындайтын  негізгі шикізат – өсімдік майының жо­ғары сапасы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін күрделі және жоғары технология­лық заманауи жабдықтарда іске асырылып, бірнеше өндірістік кезеңдер­ден өткеннен кейін сатылымға жі­беріледі. Сонымен қатар өсімдік майын, майонез, кетчупты және тұздықтар мен дәмдеуіштерді өндіріп, тұтынушылардың көңілі­нен шығатындай орауға ден қойыл­ған. Алматы кәсіпорнындағы барлық өндірістік процестер авто­мат­тандырылған. Өсімдік майын буып-түю Австрия өндірісінде  жасалған, ал майонез, кетчуп және тұздықтар дайындау Швейцариядан шыққан құрал-жабдықтарда жүзеге асырылады.  
Бүгінгі таңда, ең заманауи орау желілерін орнатудың арқасында нарықта өнімнің бірнеше форматы ұсынылған, олардың әрқайсысы абсолютті микробиологиялық тазалыққа кепілдік беріп, консерванттарды қолданбай ұзақ сақта­луын қамтамасыз етеді.  Өнімнің сапасына және қауіпсіз­дігіне тұрақты бақылау жүргізу  үшін сертификаттал­ған заманауи жабдықтармен жаб­дық­талған физика-химиялық зертхана жұмыс істейді. Өндірісті жоғары санитарлық-гигиеналық деңгейде ұстап тұру үшін шикізат қабылданған сәттен бастап дайын өнімді шығарғанға дейін өнімнің тиісті бактериология­лық тазалығын қамтамасыз ете­тін микробиологиялық бақылау жүргізіледі.
Осыдан 3 жыл бұрын кәсіп­орын азық-түлік нарығында тұты­нушылардың табиғи өнімдерге деген сұранысының артуына байланысты  ақуызға бай бие сүтінің пайдалы қасиеттерін ескере отырып, елімізде  жоғары бағаланып келген бие сүтінен дайындалған өнімдер шығаруды  жолға қойды. Бие сүтінде адам ағзасына қажетті 40-қа жуық биологиялық компоненттер болатындығы бұрын­нан анықталған. Бұл амин қыш­қылдары, микроэлементтер, А, С, Е дәрумендері бар. 
Холдингтің инновациялық тех­нологиялық зертханасының жетекшісі Руслан Шілдебаевтың айтуынша,  бие сүтінен  жасалын­ған өнімдерді шығармас бұрын, қазақтың ұлттық тағамдарының дәстүрлерін бойына сіңіретін бірегей майонез жасаудың шы­ғармашылық процесі шамамен бір жылға созылған. Майонездегі сүт – бұл өте маңызды ингредиенттер, биологиялық құндылығын арттыру мақсатында жасалды. Бірегей өндіріс технологиясының арқасында барлық пайдалы ингредиенттер жаңа өнімде сақталады. Компанияның кәсіпорындарында майонез пастерлеу процесіне негізделген дәстүрлі «ыстық» әдіспен шығарылып, өнімнің сақталу мерзімін консерванттарсыз бес айға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. «Бүгінгі күні 3000-ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған зауытымыз   майонез, кетчуп, тұздықтар, дәмдеуіштер мен күнбағыс майын өндіруге маманданған. Нарық  сұранысы мен  талаптары деңгейінен көріну және дайын өнім көлемін ұлғайту үшін технологиялық және көмекші жабдықтарды жаңарту, жаңа технологияларды енгізу жұмыстары үнемі жүргізілуде. Тек соңғы он жылда өндірісті дамытуға салынған инвестиция көлемі 80,5 миллион доллардан асып жығылады. Өткен жылы  пандемия жағдайына қарамастан,   өндірген өнім көлемі 140 000 тонна болды. Сондай-ақ бірнеше жылдар бойы компания жақын және алыс шет елдердің –Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ауғанстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан және Моңғолия нарықтарын өз өнім­дерімен қамтамасыз етіп келеді. Өткен жылы холдинг 19 мың тон­наның өнімін экспорттады, бұл жалпы өндірістің 13% -ын құрады. Қазіргі таңда  холдингіміз өнімдер экспорты бойынша көшбасшы болып танылуда»,– дейді холдинг төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары  Иван Владимирович  Колесников.
2019 жылы Петропавл сүт зауыты – «Молочный Союз» ЖШС холдинг құрамына кірді. Бола­шақта сүт және сүт өнімдерінің ішінде  ірімшік түрлерін көбейтіп, кең ауқымды жаңғырту және сүт өнімдерінің түрлерін жаңарту жос­парланып отыр. «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ тұтынушылардың қалауына сай тауар ассортиментін үнемі кеңейтіп, жетілдіріп отырады. Компанияның портфолиосында – майонез, кетчуп, тұздықтар, дәмдеуіштер, май және өсімдік майлары, маргариндер, кондитерлік пломбалар сияқты  200-ден астам өнім түрлері бар.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

410 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы