• Отандық өнім
  • 02 Маусым, 2021

Балмұздақ өндірісінде – жаңа технологиялар

Отандық балмұздақ нарығы қарқын алуда. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, былтырғы жылы елімізде осы өнімнің 34,6 мың тоннасы өндірілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. Осы мерзімде балмұздақ экспорты 18%-ға ұлғайды.  Бұл тенденциялар қазақстандықтардың арасында балмұздақ танымалдығының және жергілікті компаниялардың халықаралық менмендіктерінің өсуін бейнелейді.  

Нұрлан ҚҰМАР

Тенденцияларға сәйкес келу үшін, отандық өндірушілер 2021 жылы балмұздақ өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр. «Евромонитордың» деректері бойынша Қазақстанда балмұздақ нарығының 35 пайызын алатын «Шин-Лайн» компаниясы, 2020 жылы 13,8 мың тоннадан артық өнім өндірген. Осы жылдың басында – компания үшін сатылымның ұлғаюымен белгіленді. Жеке қалаларда ол екі мәнді көрсеткішке жетті: Ақтаудағы өсімі 32 пайыз, Қара­ғандыда – 17 пайыз, Өске­менде – 15 пайыз, Атырау және Қостанайда – 12 пайыздан құрады. Ағымдағы жылда өн­діріс­ті жалпы 18 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.


Балмұздақтың Қазақстанда және ТМД елдерінде өсіп келе жатқан танымалдылығы осы нарықтағы әлемдік тен­ден­цияларға сәйкес келеді. ResearchAndMarkets.com, тал­дау­шыларының пікірінше, жаһан­дық балмұздақ нарығы орта есеппен 2025 жылға қарай жыл сайын 4,9% өседі. Салқын тәтті өндірушілері үнемі балмұздақ­тың жаңа, талғампаздық түрін нарыққа шығарады. Нарықтағы жетекші сарапшылардың пікі­рінше, жаңа түрдегі өндірісті құру тек инновация мен жоғары сапа стандарттары арқылы мүмкін болады. 
Өсіп келе жатқан тұтыну­шы­лардың сұранысын қанағат­тандыру үшін, «Шин-Лайн» өндірісін кеңейтуде. «Жазда біз жаңа кәсіпорын ашамыз, – деп айтып өтті, «Шин-Лайн» ком­паниясының «балмұздақ» санатының жетекшісі Дмитрий Докин. – Жаңа фабриканың бірінші кезегінің құрылысы аяқталды және жылдың соңы­на дейін екі бірінші өнімділігі жоғары желіні іске қосамыз деп ойлаймыз. Әрбір осындай желі сағатына 36-40 мың дана немесе тәулігіне 50 тонна балмұздақ өндіре алады – мұндай тіпті ТМД-ның бүкіл аумағында да жоқ. Барлығы фабриканың бірінші кезегінде тәулігіне жалпы өнімділігі 200 тонна төрт үлкен және төрт орташа желі орнатылады. Фабриканың екінші кезегінің құрылысы басталды, онда өндіріс тәсілі мен өнім ассортименті бойынша бір-бірінен ерекшеленетін 12 өндірістік желіні орнату жоспарланып отыр».
Алматы облысының Байсерке кентінде 17 гектар аудан аумағын алып жатқан, тамақ өнімін шығару бойынша компанияның жаңа өндірістік кешені іске қосылуға дайындалып жатыр және зама­науи балмұздақ фабрикасын қамтиды. Кешен үздік әлемдік стандарттарға жауап береді және инновациялық технология­ларды пайдалануды шамалайды, олардың кейбіреулері ТМД, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде қолданылмаған. 
2024 жылға қарай кәсіп­орын тәулігіне 350 тонна өнім өндірісіне шығады. Жобаның жалпы құны – 33,4 миллиард теңге.
Жаңа кәсіпорын қазақстан­дық балмұздақ нарығында отандық өнім үлесін ұлғайтуға мүмкіндік алып отыр. Соны­мен бірге, қуатты өсіру қазақ­стандық балмұз­даққа шетел нарықтарында таны­мал болуға мүмкіндік береді. «Шин-Лайн» қазірдің өзінде бірнеше бағытта экспортты белсенді дамытуда. Компания балмұздақты Беларусь, Қыр­ғызстан, Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан, Моңғолия және Қытайға экспорттайды. Жақын арада компанияның өнімімен Украина да танысады. Биылғы жылы «Шин-Лайн» өнім экс­портын 70%-ға ұлғайтуды жос­парлап отыр. 
Дәстүрлі түрде Қазақстанда балмұздақ сатылымының өсімі тек ыстық жаз мезгіліне сәйкес келеді. Бұл негізінен саябақтар мен мерекелік алаңдардағы бөлшек сауда орындары мен көптеген маусымдық сауда орындары есебінен жүзеге асады. Компания мәліметтеріне сәйкес, балмұздақты тұтынудың өсуі бойынша қазақстандық қалалардың тізімінде бірін­ші сатыда бас қаламыз – Нұр-Сұлтан мен Алматы шаһарының тұтынушылары тұр.

317 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы