• Бизнес & Қоғам
  • 02 Маусым, 2021

21-28 мамыр аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 28 мамырда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға (428,86-дан) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 427,90 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығын­да 2021 жылдың 21-28 мамыры аралығында дамушы елдер валюталарының серпіні айтарлықтай  болды. АҚШ-тың қаржы министрі Д.Йеллен мәлім еткендей, қалыпты деңгейінен асып кеткен инфляция жылдың соңына дейін сақталуы мүмкін, яғни ресми тұлғалар бұған дейін хабарлаған болжамды уақыттан асады. АҚШ-тың іскерлік бел­сенділік жөніндегі индексі мамыр айында рекордты 68,1 дең­гейіне жетті (2009 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш). Англия банкінің өкілі, егер еңбек нарығы баяу қалпына келетін жағдай болса, келесі жылдың басында негізгі мөлшерлемелер мерзімінен бұрын ұлғаюы мүмкін екенін мәлім етті.
Дамушы елдер валюталары­ның** АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмен­дегідей қалыптасты:
• Бразилия реалы жұмыс­сыздық деңгейі рекордтық көр­сеткішке жетті деген ақпаратқа қарамастан (2021 жылдың 1-тоқ­санында 14,7%) қазіргі капитал ағымы аясында 2,6%-ға нығайды (5,37-ден 5,23-ке дейін);
• Оңтүстік Африка ранды қарыз нарығына шетелден келіп жатқан портфельдік инвестиция ағыны аясында 1,4%-ға нығайды (13,96-дан 13,76-ға дейін);
• Ресей рублі мұнай бағасының қалпына келуінің арқасында 0,65%-ға нығайды (73,64-тен 73,2-ге дейін);
• Үнді рупиясы жергілікті қор нарығының жағымды серпілісі аясында және АҚШ долларының бағамы әлем бойынша әлсіреп жатқанда 0,5%-ға нығайды (72,84-тен 72,44-ке дейін);
• Индонезия рупиясы жаһан­дық «тәуекел тәбетінің» жақсаруы аясында 0,5%-ға нығайды (14 355-тен 14 285-ке дейін). ОБ негізгі мөлшерлемені бұрынғы дең­гейінде қалдырды (3,5%);
• Мексика песосы 0,1%-ға нығайды (19,95-тен 19,94-ке дейін). Президенттің ОБ-тің қазіргі төрағасының мерзімін ұзарт­­­пауға және ОБ-қа жаңа басшы ұсынуға ниетті екені туралы хабар­лама Мексика валютасының нығаюына ықпал етті;
• Түрік  лирасы инфляция қар­қыны жылдам өсіп отырған жағ­дайда ақша-кредит саясатының жұмсақ болуына байланысты инвесторлардың қауіптенуі аясында 1,7%-ға әлсіреді (8,42-ден 8,56-ға дейін). Бұрын ОБ негізгі мөлшерлемені 19% деңгейінде сақтап қалған еді.

* шолуды Қазақстан Респуб­л­и­ка­сының Ұлттық банкі ашық дереккөз­дердің негізінде апта сайын дайындайды;
** АҚШ долларына қарағанда кө­лемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

535 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы