- Атамекен
- 10 Маусым, 2021
Күнгей Алатауы

Күнгей Алатауы – Солтүстік Тянь-Шаньдағы тау жотасы. Ол Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аралығында орналасқан. Оңтүстігінде Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеседі, солтүстігіндегі Іле Алатауынан оны Шоңкемін және Шілік өзендері бөледі. Орташа биіктігі 3800-4200 м. Ұзындығы 280 км.
Күнгей Алатауының жер бедері биік тау сілемдерімен, сүйір пирамида тәрізді жеке таулар мен асу, шыңдардан тұрады. Олар – Қуғантыр, Бұрғансу, Шоңөрікті, Қыземшек, Құрметі, Саты, Қорымды, Тоқымбұлақ, Қарақия. Күнгей Алатауы граниттерден, төменгі палеозойдың құмтастарынан және әктастардан түзілген. Шатқалдарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Бізге «Қазәуеорманқорғау» РМҚК ұшқыштарымен бірге Күнгей Алатауындағы Жалаңаш орманшылығы мен Қарақия шыңының ғажайып бейнесін түсіріп алудың сәті түсті.

20737 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *