• Бизнес - Қаржы
  • 10 Маусым, 2021

Сыртқы фактор

28 мамыр – 4 маусым аралығындағы жекелеген 
дамушы елдердің валюталары бойынша шолу*

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 4 маусымда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,1%-ға (427,90-нан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 428,15 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылы 28 мамыр мен 7 маусым аралығында дамушы елдер валюталарының серпіні жан-жақты болды. Мамыр айында АҚШ-тағы еңбек нарығы біраз жақсарған, алайда, сарапшылардың болжамынан төмен деңгейде дамыды: жұмыссыздық 5,8%-ға дейін төмендеп, ауыл шаруашылығына жатпайтын салаларда жұмыспен қамтылғандардың саны 559 мың адамға көбейді. АҚШ-тың іскерлік белсенділігі мамыр айында 64%-ға дейін өсті.
Дамушы елдер валюталарының** АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:
• Бразилия реалы ұлттық валютаның әлсіреуін хеджирлеу бойынша шетелдік инвесторлардың позициясы қысқарған соң, сондай-ақ бұдан да күшті экономикалық  өсімнің ( 2021ж. 1-тоқсаны +1% ж/ж) күтілуіне байланысты 3,4%-ға (5,23-тен 5,05-ке дейін) нығайды;
• Оңтүстік Африка ранды жергілікті қор нарығына бейрезиденттердің ағылып келуіне байланысты 2,4%-ға (шетелдік инвестициялардың 5 күндік орташа нетто-ағымы $36,5 миллионға дейін артты) нығайды;
• Ресей рублі мұнай бағасының жағымды серпінінен кейін 0,5%-ға  (73,2-ден 72,85-ке дейін) нығайды;
• Индонезия рупиясы ОБ-тің жұмсақ ақша-несие сая­сатын ұстану туралы мәлімдемелері аясында 0,1%-ға (14 285-тен 14 295-ке  дейін) әлсіреді.
• Мексика песосы 19,94-тен 19,96-ға әлсіреп, бір апта ішінде іс жүзінде қатты өзгермеді деуге болады;
• Үнді рупиясы қор нарығынан шетелдік инвес­тицияның кетуіне және мұнай бағасының өсуіне байланысты 0,8%-ға (72,44-тен 73-ке дейін) әлсіреді. Индияның ОБ Covid-19 вирусы өршіп кеткен соң, мөлшерлемені  4% деңгейінде сақтап қалды;
• Түрік лирасы инфляция туралы мәліметтер экономистердің болжамынан төмен болған соң (мамырда +16,59%)  және Түркия Президентінің мөлшерлемені төмендету туралы үндеуінен кейін 1,3%-ға (8,56-дан 8,67-ге дейін) әлсіреді.


* шолуды Қазақстан Респуб­л­и­ка­сының Ұлттық банкі ашық дереккөз­дердің негізінде апта сайын дайындайды;
** АҚШ долларына қарағанда кө­лемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары

323 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы