• Бизнес & Қоғам
  • 10 Маусым, 2021

Солтүстік Каспийдегі соны серпін

Солтүстік Каспий – Қазақстандағы шетелдік инвестициялар тікелей тартылған ең ірі жоба. Компания ел азаматтары үшін жұмыс орындарын ашып, жергілікті кәсіпорындарға мүмкіндіктер жасау арқылы экономика дамуына салмақты үлес қосуда. Соңғы 20 жыл ішінде NCOC компаниясы Атырау мен Маңғыстау облыстарының әлеуметтік жобаларына 774,5 миллионнан астам доллар ин­вестициялады. Жобаның жалпы инвес­тицияларындағы қазақстандық қамту үлесі – шамамен 15,3 млрд доллар.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

Жоба операторы Норт Кас­пиан Оперейтинг Компани Н.В. Атырау және Маңғыстау облыстары жұртшылығының назарына өндірістік операциялар, әлеуметтік-экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы негізгі көрсеткіштерін қамтитын 2020 жылдың қорытындысын ұсынды. Онда NCOC ұзақмерзімді артықшылықтар жасаумен Қашаған кен орнын тұрақты және жауапты түрде игеру бойынша міндеттемелерін, сондай-ақ елдегі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық міндеттерді шешуге бағытталған тұрақты даму саласындағы мақсаттарын көрсеткен. «2020 жыл бүкіл әлем үшін қиын жыл болды. NCOC үшін биыл да күрделі және жаңа сын-тегеуріндерге толы жыл. Соған қарамастан, компаниямыз мүмкіндіктерді іске асыру үшін бар күш-жігерін салып, көптеген маңызды бағыттар бойынша елеулі табыстарға қол жеткізді», – деп атап өтеді компания басшылығы.
Компания деректерінше, өткен жылы ұңғымалар сағасында мұнай өндіру көлемі – 15,14 млн тоннаға жетті. Газ өндіру көлемі ұңғыма­лар сағасында 9,15 млрд текше метр, соның ішінде кері айдалатын көлем 3, 81 млрд стандартты текше метр болды.  Өндірілген күкіртті экспорттау көлемі – 1 228 мың тонна, блоктарда сақталып жатқан күкірттің жыл аяғындағы көлемі 1 594 мың тоннаға тең. 3,6 млн тонна күкірт экспортталды. Құрлық кешеніндегі жаңа су тазарту қондырғылары жобасы шеңберінде жобалауға, сатып алуға және салуға арналған келісімшартқа қол қойылды.
NCOC 2020 жылғы жалпы шы­ғындарының 50%-дан астамын жергілікті кәсіпорындардың әлеуетін арттыруға жұмсап, жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырды. Тұрақты дамудың нақты бағыттарын ұстанып, қоршаған ортаны қорғау, энергия мен су ресурстарын тиімді пайдалану, қазақстандық қамту үлесін арттыру, жергілікті халықпен қарым-қатынас саласында үздіксіз жетілдіру жұмыстарын жүргізді. Атырау және Маңғыстау облыстарында көптеген адамдарға пайда әкелген бірнеше әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар аяқталды. Пандемия кезінде жаңа ауруханалар салуға, ауруханаларды жөндеуге, медициналық жабдықтар сатып алуға, дәрігерлер мен медбикелерді тартуға және қоғамдастықтарға қолдау көрсетуге арналған басқа да бірқатар маңыз­ды бағыттар жүзеге асырылды. Әлеуметтік жобаларды тиімді жүзеге асырып, қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерін енгізгені үшін NCOC өткен жылы «Жомарт жүрек» ұлттық жүлдесіне ие болды. 
«Бүкіл әлем үшін қиын болған 2020 жылы өндірісті тоқтатпау, қабылданған әлеуметтік міндеттемелер бойынша жұмысты жалғастыру және бұл ретте қызметкерлеріміздің қорғалуын қамтамасыз ету, мердігерлерімізді қолдап, жалпы алғанда өңірге коро­навирустық инфекцияға қарсы ортақ күрес барысында көмек көрсету үшін көптеген процесті қайта құру қажет болды. Біз өндірісті тоқтатпай, 50 млн тонна мұнай экспорттауға қол жеткіздік. Сонымен қатар жоғары технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, 1-деңгейлі немесе 2-деңгейлі бірде-бір оқиғаға жол бермедік», – деп атап өтті ком­панияның еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Нұраш Әжіғалиев.

581 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы