• Ақпарат
  • 10 Маусым, 2021

Әлемдік ақпарат

Түріктер химия өнеркәсібіне инвестиция салмақшы 

Қазақстанның батыс аймақтарының бірінде түрік инвесторлары біздегі химиялық өнеркәсіп саласындағы жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркияның BRIMSTONE Sulphur Provider компаниясының негізін қалаушы Эфе Мунип Нурдогду мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Мейіржан Юсуповтың кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды қазақстандық компанияның баспасөз қызметі.   
Инвестор бұл жоба Қазақстанның батыс аймақтарының бірінде күкірт бетонитін өндіруді қарастырады деді. Инвестициялардың жалпы сомасы 10 миллиондай АҚШ долларын құрайды деп жоспарланған. 50-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 
Компанияның негізін құрушы Эфе Мунип Нурдогду жобаны іске асырудың осы жыл аяғында-ақ орындалуына ниеттеніп отырғандарын айтты. Инвестор осы саланың негізгі артықшылықтары мен жобаның экспорттық әлеуеті туралы әңгімеледі. KAZAKH INVEST басшысы Мейіржан Юсупов инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары, жеңілдіктер мен басқа да артықшылықтар туралы айтып берді. 
 
Індетсіз саяхаттау қосымшасы енді қолжетімдірек болды

«COVID-19-сыз саяхаттаймын» қосымшасы қа­зақ­­стандықтарға қолжетімді болды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Ол бұл жобаның Қазақстанда Денсаулық сақтау министр­лігімен бірлесіп жүзеге асырылғанын атап көрсетті. 
Бұл қосымша App Store және Google Play арқылы көшіріп алуға қолжетімді болды. ЕАЭО елдеріне баруды жоспарлаған азаматтар мобильді қосымшаны орнатулары қажет. Қосымша көлік түрін және баруға жоспарланған елді таңдауға мүмкіндік береді. Қосымшада тіркелгеннен кейін пайдаланушыға баратын елдегі қолданыстағы шектеулер мен қағидалар туралы ақпарат жіберіледі. Верификацияланған зертханалардың тізімі және тесттерді тапсыру үшін зертханаға қабылдауға, жазылу мүмкіндігі де ұсынылады. 
Айта кету керек, «COVID-19-сыз саяхаттаймын» платформасы Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) азаматтардың қауіпсіз қозғалысын, еркін жүріп-тұрулары үшін Еуразия даму банкі қолдауымен құрылған болатын. 

Қазақстандық компания – Гонконг биржасында 

Қазақстандық никель мен кобальт өндіретін Battery Metals Technologies (BMT) компаниясы Гонконг биржасындағы листингке тапсырыс берді. IPO орналастырылуының болжамы – 2021 жылдың күзі.   
Айта кету керек, никель мен кобальт – заманауи электромобильдер аккумуляторларының негізгі материалдары. Биыл Battery Metals Technologies (BMT) компаниясы ШҚО-да Горностаев никель мен кобальт кен орнында тәжірибелі-өнеркәсіптік өндірісін бастауды қолға алмақ. Коммерция­лық өндіріске көшу 2023 жылға жоспарланған. Сингапурлік саналатын BMT компаниясы – бизнесмен Кеңес Рақышевтың бақылауындағы қазақстандық Fincraft Resources холдингінің еншілес құрылымы. 
Холдингтен хабарланғанындай, Battery Metals Technologies-дің IPO орналастыруға тапсырысын дәл қазір Гонконг биржасының арнайы комиссиясы қарастыру үстінде. 

Батыр РАХМЕТУЛЛИН

11158 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы