• Атамекен
  • 16 Маусым, 2021

Талғар шыңы

Талғар шыңы – Іле Алатауының ең биік нүктесі. Оның орташа биіктігі – 4973 метр, ал ең жоғары биіктігі – 5017 метрге жетеді. Басында мәңгі қар мен мұз жатқан бұл шың Талғар қаласының орталығынан шамамен 10 км қашықтықта орналасқан. Шыңды Алматы қаласынан бұлтсыз, ашық күндері тамашалауға болады. Тіпті қаланың кез келген нүктесінен көз тартады.     

Талғар таулары – альпинизм маршруттарымен, кемпингтерімен және демалыс орындарымен танымал туристік бағыт. Талғар таулары ландшафттардың алуан түрлілігін көрсететін тік зоналық мекен.  Алғаш рет Талғар шыңына 1938 жылы Сталинск (қазіргі Новокузнецк) қаласының альпинистері Л.Кутухтин, Макатров, И.Кропотовтар шыққан. Біз қалың мұз жапқан шыңды «Қазәуеорманқорғау» мекемесінің ұшағымен жақын төңіректен суретке түсіріп алдық. Бұл жерден шың мен Талғар шатқалының терең сайын көруге болады.

Суретті түсірген  Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

 

31527 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы