• Цифрлы Қазақстан
  • 16 Маусым, 2021

Ауыл тұрғындары үшін кеңес беру қызметі жалғасуда

«Ауылдық елді-мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасы аясында «Тринта» жеке қорының күшімен іске қосылған «Кеңес» онлайн-кеңес беру қызметі 100-ден астам адамға көмек көрсетті.

«Ауыл тұрғындарына тікелей кеңес беру қызметі жобада жоспарланған мерзімнен бұрын басталды. Жобаны іске асыру басталғаннан бері 100 - ден астам кеңес берілді, олардың бір бөлігі кешенді жұмыс қағидатымен жүргізіліп, әрбір өтініш бойынша үштен онға дейін ауыл тұрғындары көмек алды. Консультанттар желісі 2,5 айда ауыл тұрғындарының өзекті мәселелері бойынша елуден астам сценарий әзірледі», – деп атап өтті жоба үйлестірушісі Жадыра Анқобаева.

Қызметтің өңірлік үйлестіруші-консультанттарының құрылған желісі жоба іске қосылған сәттен бастап жұмысын бастады.  Оның барысында желілік өзара іс-қимыл жолға қойылды және қызмет регламенті жасалды.

Жақында ғана «Кеңес» қызметінің өңірлік үйлестірушілері Алматы қаласында жаттықтырушыларға арналған тренингте кездесті. Қазақстанның 14 өңірінен келген тәжірибелі мамандардың «жанды» форматтағы бірлескен жұмысы бірнеше маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік берді.

Аталған іс-шара барысындағы сауалнама нәтижелері негізінде ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығының төмен болу себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмі құрылды. Бұл консультацияларға қосымша көптеген адамдарға құқықтар туралы білімдерін жақсартуға көмектеседі. Пікірталастар белсенді және әсерлі болды.

Үйлестірушілер «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттары негізінде кеңес берудің, құқықтарды қорғау жөніндегі диалогты ұйымдастырудың және тұрғындарды нақты тартудың тиімді әдістерін іс жүзінде ұштай алды. Әлеуметтік және жас топтарымен жұмыс істеуге назар аудардық – қандай нысандарда және қандай құралдармен ақпарат беру ғана емес, сонымен бірге іске асыру процесінде адамның белсенділігін сақтау тиімді.

«ТОТ» форматы желідегі үйлестірушілердің өзара іс-қимылының сапасын арттыруға  мүмкіндік берді. Қатысушылар атап өткендей, оларға қажетті жұмыс механизмдері беріліп, күрделі мәселелер егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Жобаны іске асыру қарашаға дейін жалғасады, егер ауыл тұрғындары өз құқықтары туралы көбірек білгісі келсе, тиісті кеңестер мен қажетті материалдарды ала алады. Қызмет кеңесшілері  өз идеясын жүзеге асырғысы келетіндерге және жеңілдіктерді пайдаланғысы келетін азаматтарға қалай және қайда бару керектігі туралы қажетті ақпаратты береді.

«Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

5701 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы