• Бизнес & Қоғам
  • 17 Маусым, 2021

Тегін стоматологиялық көмек кімдерге көрсетіледі?

2020 жылдан бастап белгілі бір санаттағы азаматтар стоматологиялық көмекке елдегі кез-келген емдеу ұйымы арқылы қол жеткізе алады. Бұған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мүмкіндік беріп отыр.

Нұрлан ҚҰМАР

«Әлеуметтік медициналық сақ­­тандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 2020 жылдан бастап стоматология­лық қызмет ақысын төлеу схемасы өзгерді. Бұрын қызмет ақысы консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін клиникаға тікелей аударылатын болса, биылдан бастап емханалар арқылы төленеді. Ол үшін емдеу ұйымдары арасында қосымша келісімшарт бекітіледі. «Сақтандыру енгі­зіл­генге дейін стоматологиялық кө­мек тек пациенттің тіркелген емханасы арқылы ғана көрсетілетін. Жаңа жүйенің арқасында аталған санаттағы азаматтар бұл қызметті еліміздің кез-келген жерінде пайдалана алады», – деді Тілеухан Әбілдаев. 
МСҚ қалалық филиалы мәлі­метіне сүйенсек, азаматтардың жекелеген санаттары, дәлірек айтқанда,  18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер  амбулатория деңгейіндегі стоматология­лық көмекті сақтанды­ру пакеті арқылы ала алады. Олар: тісті жансыздандыру, пломба салу, терапевтің қабылдауы, пульпит пен периодонтитті емдеу, гипоплазия мен флюороз салдарынан анатомиялық пішіні бұзылған тісті толық қалпына келтіру сынды тағы да басқа қыз­меттерді пайдалана алады. Сонымен қатар, тісті жұлдыру, тіл мен ерін жүгеншігіндегі ақауды жою, жақты рентгенге түсіру, анес­тезия сынды қызметтер де осы пакет шеңберінде көрсетіледі.
Ал, шұғыл стоматологиялық көмек бұрынғыша мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінде қалдырылды. Шұғыл көмекке: 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, 1,2,3 топтағы мүге­дектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген көп балалы аналар, атау­лы әлеуметтік көмек алушылар, жасына қарай зейнетке шыққан зейнеткерлер, жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққан пациенттер жүгіне алады. Мысалы, хирургтің қабылдауы, тісті жұлу, абсцесті ашып тазарту, одонтегенді ісікті кесіп алып тас­тау, альвеолитті емдеу, тіс тамыры невритін емдеу, ауыз қуысындағы жұмсақ тіндерді кесіп алып тастау, жақ-бет сүйегіндегі жараларды емдеу т.б. қызметтер тегін жүргізіледі. Сондай-ақ жақ-бет сүйегі ақауымен туған нәрестелерге арнал­ған ортодонтиялық көмек түрлері де мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетіледі.
Қазір Алматы қаласында 45 меди­циналық ұйым стомато­логиялық қызмет көрсетеді. Ал, Медициналық сақтандыру қоры биылғы жылдың 4 айында МӘМС пакетінде алма­тылықтарға көрсетілген қызметтер үшін 42,6 млрд  теңгеге жуық қаржы төледі. Төленген қаржының басым бөлігі – 22,9 млрд теңгесі стационарлық деңгейдегі медициналық көмекке жұмсалған.   
Тағы 7 млрд теңге консуль­тативтік-диагностикалық қызметтерге төлен­ген. Кон­суль­тативтік-диагности­калық қызметтер ішінде, әсіресе, КТ/МРТ-ға деген сұраныс жоғары. 4 айда Алматы қаласында 29 863 КТ/МРТ жасалған, оған 388,9 млн теңге бөлінді.  
Сондай-ақ МСҚ жоғары техно­ло­гия­лардың көмегімен жасала­тын қызмет түрлеріне 6,3 млрд теңге, күндізгі стационар қызметіне  –  2 млрд теңге бөлді. МӘМС шеңберінде жүр­гізілетін жоспарлы скринингтерге 4 айдың ішінде 400 млн теңге, оңалту немесе реабилитация қызметіне 3 млрд  теңге жұмсалды. Жалпы, жыл өткен сайын халыққа реабилитациялық көмек көрсетуге құлшыныс білдіріп отырған клиникалар саны артып келеді. Мәселен, 2019 жылы Алматы қаласында Қормен 4 қана реабилитация орталығы жұмыс істеген болса, бүгінде олардың саны 73-ке жетті. Биыл олардың қатарына заманауи қондырғылармен жабдықталған 5 жаңа орталық қосылыпты.
Үстіміздегі жылдың 1-тоқса­нын­да Медициналық сақтандыру қоры алма­тылық медицина ұйым­дарының 23 мың қызметтерінің түрлі кемшіліктермен көрсеткенін анық­тады. Нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелеріне 448 млн теңге айыппұл салынды. Тілеухан Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, кемшіліктің басым бөлігіне бастапқы медицина­лық-санитарлық  көмек ұйымдары жол берген. Емханалар көрсет­кен қызметтен 21 мың кем­шілік анықталып, 59,6 млн  теңге қай­та­рып алынды. «Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтар­ға келіп саяды. Сонымен қатар, «көрсетілді» деп жазылған белгілі бір қызмет түрлерінің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар», – деді Т.Әбілдаев.
Қайтарып алынған қаражат ме­ди­циналық көмектің өзге түрлеріне жұм­­салады.

714 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы