• Бизнес - Қаржы
  • 17 Маусым, 2021

4-11 маусым аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 11 маусымда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,2%-ға (428,15-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 427,15 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 4-11 маусым ара­лығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпі­ні көбінесе оң болды. АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен жоғары мөлшерлемелердің АҚШ үшін он жыл бойғы төмен инфляция мен жеңіл саясат жағдайында мөлшерлемелер деңгейін қалыпқа келтіру үшін тиімді болатыны жөнінде пікір білдірді. АҚШ-та инфляция мамыр айында 5% ж/ж өсті (2008 жылғы тамыздан бастап рекордтық көрсеткіш). ҚХР мен АҚШ сауда және инвестициялық байланыс­тарды дамытуға келісті. ЕОБ маусымдағы отырыстың қоры­тындысы бойынша ІЖӨ болжамын 4,6%-ға дейін 0,6 п.т. арттыра отырып, 2021 жылы ЕО экономикасының дамуына қатысты оптимизмнің өсуіне қарамастан жеңіл ақша-кредит саясатын сақтап қалды.
Дамушы елдер валюта­ларының** АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:
• Түрік лирасы Түркия мен АҚШ президенттерінің кездесуі қарсаңында, сондай-ақ 2021 жылы экономиканың өсетіні жөніндегі болжамның (4,9-ға дейін 0,6 п.т.) артуы аясында 3,2%-ға (8,67-ден 8,39-ға дейін) нығайды;
• Ресей рублі Ресей Банкінің мөлшерлемені 5,5%-ға дейін 50 б.т. көтеру жөніндегі шешімі аясында 1,1%-ға (72,85-тен 72,03-ке дейін) нығайды;
• Индонезия рупиясы шетелдік инвесторлар­дың борыштық нарыққа қайта оралу белгілері аясында (Қаржы министрлігінің бастапқы аукциондарындағы бейрезиденттердің үлесі рекордтық  22,3%-ға жетті)  0,7%-ға (14 295-тен 14 189-ға дейін) нығайды;
 • Мексика песосы Президент үшін ол бастамашы болған энергетикалық секторға қатысты конс­титу­ция­лық өзгерістер бойынша онша қолайлы бола қойма­ған Конгресстің тө­менгі палатасындағы сайлау нәтижелері аясында 0,4%-ға (19,96-дан 19,88-ге дейін) нығайды; 
• Үнді рупиясы корпо­ративтік сектор тарапынан сұраныс аясында 0,1%-ға (73-тен 73,08-ге дейін) әлсіреді;
• Бразилия реалы сәуірде пандемияға дейінгі деңгейге жетпеген қызмет көрсету сала­сындағы экономикалық белсен­ділік туралы деректердің шығуы аясында 1,4%-ға (5,05-тен 5,12-ге дейін) әлсіреді;
• Оңтүстік Африка ранды инфляцияның тез қарқын алуына байланысты қауіптену­ден АҚШ доллары бағамы­ның нығаюы аясында 2,2%-ға (13,43-тен 13,72-ге дейін) әлсіреді.

* шолуды Қазақстан Респуб­л­и­ка­сының Ұлттық банкі ашық дереккөз­дердің негізінде апта сайын дайындайды;
** АҚШ долларына қара­ғанда кө­лемі жағынан неғұр­лым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

346 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы