• Бизнес & Қоғам
  • 17 Маусым, 2021

Дала шабыттандырған бренд

Отандық киім өндіруші заманауи көшпенділер брендін іске қосты. Mimioriki балалар киімінің қазақстандық брендінің негізін қалаушылар Global Nomads атты ересектерге арналған және отбасылық киім желісінің басталғанын хабарлады. 

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

Брендтің негізгі идеясы – көшпенділер құндылықтарын, еркіндікті, ұтқырлықты, саналы тұтыну мен табиғатпен үндестікті, отбасы мен рудың құндылықтарын қамтиды. Табиғи материалдардан жасалған, саяхаттау үшін өте ыңғайлы киімдер үлгісінің жинағы «Дала шабыттандырады» ұранымен шығарылыпты.

Пандемия уақытында көп­теген отандастар ел ішінде бел­сенді түрде саяхаттай бастады, өздерінің туған жерлеріне жақын болып, бірегейлігі мен өзіндік ерекшеліктеріне қаныға түсті, ұлы даланың түрлі-түсті масштабы, тылсым табиғаттың әсемдігі, шексіздік, үйлесімділік пен ішкі күш-қуат Global Nomads брендін шығаруға шабыттандырды. Global Nomads брендінің негізін қалаушы Инна Апенконың айтуынша, Қазақстанның бет-бейнесін киім арқылы қалай көрсету керектігі туралы идея бірнеше жыл бұрын туындаған. 
– Біз бұл тұрғыда «бүгінгі әлеммен нендей көрсет­кіш­те­рімізбен бөлісе аламыз?» деген сауал жайлы ұзақ ойландық. Бұл ойдың нақты жауабы – сандық көшпенділіктің жаһан­дық тренді мен қазақ халқының қанындағы көшпенді өмір салты арасындағы мета­форалық байланыс. Яғни, біз, дала халқы қазіргі бүкіл әлем бастан кешіп жат­қан жүріп-тұру трендін алғаш­қы туғызушылармыз, – дейді И.Апенко.
Жылдамдық пен жеңілдік өзекті бола түскен қазіргі уақытта көптеген адамдар «сандық көш­пенділерге» айналып, шапшаң жүріп-тұруға, қашықтан, бір жерден басқа жерге ауысу арқылы жұмыс жасауға бейімделген. Өмір салтының осылай өзгеруі киімге деген қажеттіліктің де өзгеруіне – жан-жақтылыққа, ыңғайлылық пен жайлылыққа сұранысты арттырды. GN брендінің ассортимент матрицасы осы тенденцияны ескеріп, олар футболкалар, спорт костюмдері, жейделер мен курткаларға негізделді.  Бұл қазір әлемдік бөлшек саудада ең жылдам дамып келе жатқан киім-кешек тауарларының санаттары болып саналады. Кол­лекцияда табиғи түстер – ас­панның, құмның, жусанның түстері басым. Сонымен қатар бренд мүмкіндігінше тұрақты болуға тырысуда және дәстүрлі сән қағидаларын қолдайды. Оған сапалы өнім жасау мен өндіріс қалдықтарын азайту, полиэтилен пакеттерден аулақ болу, қор­шаған ортаға жағымсыз әсерді азайту, қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайлары және олардың тұтынушыларына қамқорлық жасау кіреді.
GN киімінің барлық желісі Family look форматында жасалған. Сондықтан киім үлгілері жас шамасы 1 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ XS-тен XXL-ге дейінгі өлшеммен ересектерге арналған. Өнімдер Тал­ғар­дағы компанияның өндіріс алаңдарының бірінде шыға­рылады. Жылына 200 мыңнан астам тауар шығару жоспарлануда.  Global Nomads киімдері барлық Mimioriki брендтік дүкендерін­де, бренд серіктес дүкендерде, интернет-дүкендерінде  ұсы­ны­лады.
Mimioriki бренді – бұл елдегі то­лық өндірістік циклы бар балалар киімінің ең ірі қазақстандық бренді.  Құрылғанына биыл 12 жыл толған кәсіпорынның өндірістік тобында 150 жұмысшы бар.  Жыл сайын бренд 12 жасқа дейінгі 250 мыңнан астам балаларға киімдер ұсынады. Киімдер Қазақстандағы, Ресейдегі және Украинадағы 15 фирмалық және 40 серіктес дүкендерде сатылады. 2021 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жеңіл өнеркәсіпте 1251 кәсіпорын бар, оның 97% – шағын кәсіпорындар. Mimioriki бренді – жыл санап өсіп, кеңейіп келе жатқан жеңіл өнеркәсіптің осындай желкенді  кәсіпорындарының бірі.

933 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы