• Ақпарат
  • 17 Маусым, 2021

Әлемдік ақпарат

Қазақстандықтар қажылыққа Меккеге бара алмайды

Сауд Арабиясының билігі коронавирустың таралу қаупі салдарынан биыл қажылыққа тек өз елі аумағындағы, саны 60 мың адамнан артық болмайтын мұсылмандарға ғана рұқсат беріп отыр, деп хабарлайды корольдіктің қажылық пен умра істері жөніндегі министрліктің мәлімдемесін Сауд жаңалықтар агенттігі (Saudi Press Agency).    
Былтыр коронавирус індетінің салдарынан қажылыққа алғаш рет мұсылман елдерінен қа­жылыққа баруды қалағандар қатыса алмай, осы елде тұратын мұсылмандардан тек он мыңдай адам ғана қажылыққа таңдалған болатын. 
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы хабарлағандай, індет жағдайындағы қажылық үшін негізгі талаптардың бірі – Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson & Johnson немесе Moderna сияқты препараттардың екі дозасын қабылдау шарт. Ал Қазақстанда бұлар жоқ. 

Батыр РАХМЕТУЛЛИН

14418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы