• Бизнес & Қоғам
  • 24 Маусым, 2021

Депутаттар Республикалық қолдау орталығында болды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» алаңында Мәжіліс депутаттары Вера Ким, Қанат Нұров, Дания Еспаева, Тілектес Адамбеков, Айгүл Құспан, Ирина Унжаковамен бейресми кездесу өтті.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және жалпы азаматтық қоғамды дамыту саласында жетілдіру бойын­ша қандай жүйелі жұмыстар жүр­гізіліп жатқаны туралы айтып берді. Ол Парламент Мә­жілісіне волонтерлік жә­не қайы­рым­дылық қызмет, грант­­­­тық қар­жыландыру мәсе­лелері бойынша заң жобасын енгізу жос­пар­лануда екендігін айтты.

Кездесу аясында Азамат­тық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төр­ағасы Лима Диас орталық­тың жұмысымен таныстырды. «Орталық тоғыз бағыт бойын­ша 30 әлеу­мет­тік жобаны жүзеге асыруда. Әлеуметтік жобалар азамат­тардың ден­саулығын, қоршаған орта­ны қорғауға, жастар бас­та­маларын қолдауға, азамат­тық қоғамды дамытуға жәр­дем­десуге бағытталған», – деп түйіндеді Л.Диас.

Сонымен қатар, Л.Диас грант­тық қаржыландыру сала­сындағы заңнаманы жетіл­діруге, гранттық жобалар­дың іске асырылуына қоғам­дық бақылауды енгізуге, жер­гі­лікті және халықаралық донорлық қоғам­дастықпен ынты­мақ­­тас­тыққа, оқыту және кон­сультация беру арқылы ҮЕҰ әле­уетін арттыруға бағыт­талған орталықтың гранттан тыс қызметі туралы айтып берді.

Мәжіліс депутаттары аза­маттық бастамаларды қолдау жөніндегі қызметті заңна­малық тұрғыда жетіл­діру бой­ынша ой-пікірлері­мен бө­лісті. «Заң жобасы бойынша жұмыс тобы құрыл­ған кезде, оның алдында, депутаттар үшін осындай фор­матта кез­десуді ұйымдастыру керек, олар біз сияқты салаға үңіліп, терең түсіну тиіс», – деді депутат Дания Еспаева.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі  Б.Тілепов үкіметтік емес сектор тара­пынан консультациялар, әдіснамалық көмек, түсін­дірмелер алуға сұраныс – АБҚО негізінде Рес­­публи­калық ҮЕҰ қолдау орта­лығын құруға себеп болғанын атап өтті. Коворкинг орта­лық форматы азаматтық қоғамның өсіп келе жатқан сұраныстарын тиімді және жедел шешуге ықпал етеді деп болжануда.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

855 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы