• Білім & Ғылым
  • 24 Маусым, 2021

Тігіншілік – шеберлік пен тынымсыз еңбекті қажет ететін кәсіп

Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен өзара әріптестікте Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы іске асырған «Fashion Girls in Business» жобасы театрлық қойылымға костюмдер тігу конкурсымен аяқталды.

Қатысушыларды қолдауға Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің өкілі – мәдениет жөніндегі атташе Ора Амбер, сондай-ақ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы­ның мемлекеттік емес гранттық қар­жыландыру жөніндегі жобалық кеңсесінің директоры Әйгерім Кәрімова келді. Сонымен қатар, «Red Point Kazakhstan» компаниясының директоры Әсел Қожақова, танымал қазақстандық дизайнер Бауыржан Сағиев және Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің грант менеджері Зарина Кәрімова қазылар алқасының құрамында болды.

«Fashion Girls in Business» жоба­сының қатысушылары тігін ісі – өндіріс және модельдеу саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің студенттері болды. Жоба 5 айға созылды, оған қаты­сушылар бизнес-жоспарлау, маркетинг, сату және коммуникация, сондай-ақ сән тарихы сияқты бағыттар бойынша семинар-тренингтер форматында 12 сағаттық дәріс алды.

Сондай-ақ жоба аясында Қа­зақстанның табысты әйелдерімен кездесулер ұйымдастырылып, олар өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Соңғы кездесуде Mimioriki брендінің негізін қалаушы Инна Апенко өз тәжірибесімен бөлісті.

Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ ел­шілігінің мәдениет жө­нін­дегі атта­шесі Ора Амбер ұйым­дас­ты­рушы­лар мен қаты­сушыларды жобаның аяқ­талуымен құттықтап, «Fashion Girls in Business» жобасын іске асыруға белсенділік танытқан тұлғаларға алғысын білдірді. «Кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын жобаға қызы­ғушылық танытып, қатысқаны үшін алғысымды білдіремін. Қа­тысушылар өз ісін бастауға көмек­тесетін бизнес туралы қажетті білім алды деп үміттенемін», – деді ол.

Жобаның мақсаты – қатысу­шылардың бизнестегі ой-өрісін ке­ңейту және табысқа жету жолдарын көрсету. Сонымен қатар, жоба барысында қатысушылар американдық классикалық әдебиетпен және АҚШ мәдениетімен танысты.

Театрлық қойылымға костюмдер тігу конкурсына 5 команда қатысты. Костюмдерді, сондай-ақ театрлық қойылымды «Fashion Girls in Business» жобасына қатысушылардың өздері дайындады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз командасы ұсынған қатысушылардың әрқайсысы 45 мың теңге көлемінде ақшалай жүлде алды. Жобаның қалған қатысушылары 19 мың теңгеден жұбаныш сыйлығын иеленді.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерінен құралған «Томирис» топтамасының шағын көрсетілімімен аяқталды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

5797 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы