• Бизнес & Қоғам
  • 24 Маусым, 2021

Сапалы медициналық көмек алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық нейрохирургия орталығында жаңа радиология және радиохирургия бөлімі ашылды, онда шведтің Elekta компаниясы шығарған Leksell Gamma Knife заманауи кешені жұмыс істей бастады.

Ашылу салтанатына премьер-министр Асқар Мамин, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов келді. Қазақстан осындай жоғары технологиялық жабдықтарға ие ТМД-дағы үшінші және Орталық Азиядағы бірінші мемлекет болды.
«Гамма-пышақ» – мидың әр­түрлі патологиялық түзілімдерін жоғары дәлдікпен бір мезгілде сәулелендіру арқылы жоюға арнал­ған қондырғы. «Гамма пышағы» арқылы стереотаксикалық радио­хирургия әдісінің мәні зақым­дан­ған аймақтың бір рет және дәл сәулелендіреді. Тиімділігі бойынша мұндай емді хирургиялық операциямен салыстыруға болады, бірақ сонымен бірге ол анестезиясыз жүргізіледі, скальпельмен жұмыс істеуді және кейіннен реанимацияны қажет етпейді, науқастардың жасына ешқандай шектеулер қой­майды. «Бұл біз үшін, жалпы қазақстан­дық нейрохирургияның дамуы үшін үлкен оқиға. Қазақстанның бар­лық аймақтарында диагностикалы жабдықтардың саны жеткілікті, соның арқасында аурудың ал­ғаш­қы кезеңдерін анықтай бас­тадық. «Гамма-пышақпен» осындай науқастарды операциясыз, асқынусыз, амбулаториялық жағ­дай­ларда емдеуге болады. Біз мамандарды алдын ала дайындадық, «Гамма-пышақпен» бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан түрлі ор­талықтарда оқыттық – бұл Пра­гадағы, Миландағы, Мәскеудегі медициналық орталықтар, біздің стратегиялық серіктесіміз ресейлік академик Н.Н.Бурденко  атындағы Ұлттық медициналық нейрохирургия орталығы болып табылады. Мемлекет денсаулық сақтау саласын дамытуға үлкен көңіл бөледі және осындай қымбат құрал-жабдықтар сатып алу соның дәлелі», – деп атап өтті «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Серік Ақшолақов. 
Чехиядан келген мамандар тобы Нұр-Сұлтанда жекеленген режимде шығарылған жабдықты орнату және іске қосу үшін жұмыс істеді, ал бірінші операцияны өткізу үшін Бурденко атындағы Ресейдің нейрохирургия орталығының радиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, РҒА корреспондент-мүшесі, профессор, медицина ғылымдары­ның докторы Андрей Голанов келді. Оның қатысуымен радиология және радиохирургия бөлімінің жергі­лікті мамандарына тағылымдама өтті. Оқу бағдарламалары аясында пациенттерді таңдау, емдеу және бақылаудың клиника­лық аспектілері, «Гамма-пышақ» қондырғысында практикалық жұ­мыс қамтылды. «Elekta үшін Нұр-Сұлтандағы Ұлттық нейрохирургия орталы­ғының ұзақ мерзімді серіктесі болу – мақтаныш және абырой. Біз Қазақстанда Гамма-пышағын пайдалану бойынша қызметтерді ұсына алатынымызға да өте қуаныштымыз. Сіздердің кәсіби қолдарыңыздағы Гамма-пышағы Қазақстандағы, сондай-ақ көрші елдердегі мыңдаған пациенттерге оң нәтиже беретініне сенімдіміз. Біз Elekta компания­сында жарты ғасырдан астам уақыт бойы көптеген елдерде жасап келе жатқандай, Қазақстандағы ден­саулық сақтау жүйесінің дамуына көмектесуді жалғастырғымыз келеді. Қазақстанда нейрохирургия саласын керемет және жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін», –деді Elekta компаниясының негізін салушы және директорлар кеңесінің төрағасы Лоран Лекселл. 
«Гамма-пышақ» кешені мем­лекеттік қаражат есебінен сатып алынды, қазақстандықтар үшін емді тегін квоталар бойынша алуға мүмкіндіктері бар. Бұған дейін науқастарды шетелге қым­бат ем алуға жіберуге тура келген. Сондай-ақ Орталық Азиядағы жал­ғыз радиология және радиохирургия бөлімі көрші елдерден келген науқастарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге дайын, бұл Қазақстанда медициналық туризмнің дамуына серпін береді.
«Гамма-пышақ» кешенді жаб­дығын іске қосу бойынша үлкен жұмысты шведтік Elekta-ның қа­зақстандық серіктесі – «Диагнос­тика Орталық Азия» компаниясы өткізді. Пандемияның қиын ке­зеңінде жабдықты жеткізуге, оны орнатуға, кадрларды даярлауға және өндіруші мамандары мен Нейрохирургия орталығының өзара әрекеттестігін ұйымдастыруға байланысты барлық мәселелер жедел әрі тиімді шешілді.

Нұрлан ҚҰМАР

1300 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы