• Қаржы
  • 01 Шілде, 2021

Сбербанк өз таңдауын жасады

Есімі әлемге әйгілі біртуар қазақ әншісі, ғажайып дауыс иесі Димаш Құдайберген Сбербанктің Қазақстандағы бренд-амбассадоры атанды.

Төрткүл дүние  тамсанып, таңдай қаққан Ұлы даланың үні – ғарыштық ғаламат дауыс иесі, ұлттық тәрбиеден нәр алған көркем мінез, сұлу сымбатымен үлкен-кішінің жүрек төрінен орын  алған Димаш өзінің Жер шарының түкпір-түкпіріндегі миллиондаған тыңдарманына қаржылық институт өнімдері, сонымен қатар Сбербанктің экожүйесіне кіретін сервистер­дің артықшылықтары туралы айтады.

Димаш өзінің аудиториясы­мен жаңа superapp Sberbank KZ қосымшасын, қоржынында 80 мыңнан астам фильм бар  Okko онлайн-кинотеатрын, сондай-ақ  40 миллион ән, подкаст пен аудиокітап тыңдауға мүмкіндік беретін СберЗвук стримингтік сервисін қолданудағы тәжіри­бесімен бөліседі. «Димаш – шы­ғармашыл, жаңа техно­логия­ларға қызығушылығы мол, өз уақытын бағалай білетін және тек жақсыны таңдайтын қазақстандық жаңа ұрпақтың өкілі. Біздің клиенттеріміз де дәл сондай. Еліміздің мақтанышы бола тұра, Димаштың бренд-амбассадор болуға әрі Сбер­банктің сервистерін ұсынуға келісімін бергені бізді қатты қуантты», – дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев.

АЗИЗА ЕРНАЗАР

888 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы