• Қаржы
  • 01 Шілде, 2021

Зейнетақы жинақтарынан 1,5 триллионнан астам қаржы аударылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 1,5 триллион теңгеден асатын қаражат азаматтардың өтініштері бойынша тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге аударылды. Оның ішінде 173 миллиардтан аса теңге жеке зейнетақы шоттарына қайтарылды, деп хабарлайды «БЖЗҚ» АҚ өзінің ресми сайтында.

2021 жылдың 24 маусымындағы жағдай бойынша «Бірыңғай жи­нақтаушы зейнетақы қоры» АҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 331 595 өті­нішін орындады. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,5 трлн теңгеден аса қаржы аударған. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,6 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,44%), Маңғыстау облысының (15,83%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,95%) тұрғындары тарапынан жолданған. БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген.

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабыл­дайтын уәкілетті операторлар да белгіленген. Олар – «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Айта кету керек, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 171,5 млрд теңгеден аса сома кері қайта­рылыпты. Оның себебі, қазақ­стандықтар біржолғы зей­нетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған, дейді БЖЗҚ мамандары.

Бұған қоса БЖЗҚ-ға емделуге барлығы 17 465 өтініш түсіпті, оның ішінде 11,8 млрд теңгеге 12 445 өтініш орындалды, орташа сома – шамамен 1 млн теңге. Сонымен қатар, салым­шылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 2,2 млрд теңге қайтарылған, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған. Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөніндегі өзекті статистикамен enpf.kz сайтындағы «Көр­сеткіштер» – «Емделуге бері­летін біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінен танысуға болады.

Естеріңізге саламыз, біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті операторда («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) ашылған арнайы шотқа түскеннен кейін алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының 13-тар­мағына сәйкес) ұсынады.

Уәкілетті операторға растайтын құжаттар белгіленген мерзімде ұсы­нылмаған жағдайда, бұл қара­жат БЖЗҚ-ға қайтарылуы тиіс.

Салымшы, сонымен қатар аударылған соманы «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға тиісті өтініш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны банк алушыдан қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Салымшылардың назарын олар сұратқан зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-дан уәкілетті оператордағы арнайы шотқа аударылғаннан кейін бұл қара­жаттың инвестициялық басқа­рудан алынатынына, демек, оған инвестициялық табыстың есептелмейтініне аударғымыз келеді, деп атап көрсетеді қор мамандары. Бұдан басқа, арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейін ескере отырып, олардың сақталуы бойынша заңда көзделген мемлекет кепілдігі қолданылмайды. Сондай-ақ БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларынан салымшы таңдаған және оның өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу және ұстап қалу жүргізіледі.

Жалпы алғанда, салымшылар жалпы сомасы 173,7 млрд теңгеге 51 301 өтінішті (тұрғын үй/емделу) қайтарған. Осыған орай, өз жинақтарын тиімсіз пайдалану, инвестициялық табыс пен мемлекет кепілдігін жоғалту, сондай-ақ  ЖТС-ты мерзімінен бұрын есептеу жағдайларын болдырмау үшін салымшыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды жауапкершілікпен әрі мұқият жоспарлау ұсынылады. Зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін өтінім бергенге дейін мұқият зерделеп, оларды уәкілетті операторға уақытылы ұсынуды қамтамасыз еткен жөн (таблица).

Биылғы жылдың 24 маусы­мындағы жағдай бойынша ин­вестициялық портфельді бас­қарушыларға шамамен 4,2 млрд теңге аударылыпты. БЖЗҚ келіп түскен 2581 өтініштің 1994-ін орындаған. Аударымның орташа сомасы – шамамен 2,1 миллион теңге. Зейнетақы жинақта­рын сенімгерлік басқаруға беру бойынша егжей-тегжейлі статистика да enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компа­нияларға сенімгерлік басқаруға беру» бөлімінде жарияланып отырады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнет­ақы активтерін сенім­герлікпен басқару туралы төрт ИПБ-мен шарт жасасты, олар – «Jysan Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ. Сіз бұл туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен көре аласыз.

БЖЗҚ-дан зейнетақы актив­терін алғаннан кейін ИПБ оларды Ұлттық банк басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвес­тициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағида­ларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларация­сында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсызданды­ру туралы заңға сәйкес, ИПБ ин­вес­тициялық басқаруды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сый­ақы­сының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан аспауы тиіс. Комис­сиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітеді және ол жылына бір рет қана өзгеруі мүмкін.

   Салымшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Ұлттық банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу ке­пілдігі қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді, деп мәлімдейді «Бір­ыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ.

Иса Қамбар

1258 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы