• Бизнес & Қоғам
  • 01 Шілде, 2021

ASSYLTAS бизнес гранты конкурсы 2021!

Құрметті қазақстандықтар, жас журналистер, кәсіп ашуға ниетті жандар назарына! 

«ASSYLTAS» бизнес гранты конкурсы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында әрбір ай сайын қайтарымсыз 1 миллион теңге грант тағайындайды!

Бизнес  грант конкурсының мақсаты – Қазақстандағы 18 бен 35 жас аралығындағы кіші және орта бизнес иелерін қолдау, кәсіпкерліктің дамып, қоғамға тигізер пайдасын ұлғайту, қазақстандық азаматтардың кәсіпкерлік білімін шыңдау. Жоба 2021 жылдың соңына дейін жалғасады. Тағайындалатын гранттың жалпы қоры 24 миллион теңге. Әрбір айда 1 миллион теңгеден екі жеңімпаз конкурстық негізде анықталып отырады. Жобаға қатысу шарттары өте қарапайым:

  1. Жасыңыз 18 бен 35 аралығында болуы қажет;
  2. Кәсібіңіз біз ұсынған 5 бағытқа сәйкес келуі қажет:
  • Өндіріс
  • Ұлттық өнер
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру
  • IT бағдарламалар
  • Қазақ тілін дамытуға арналған бағдарламалар

Біз қарастырмайтын жобалар: мал шаруашылығы, дүкен ашу, алып-сату, сән салондары, т.б.

 

Жарыстың кезеңдері:

  1. Конкурсқа қатысу үшін кәсібіңіз жайлы прентация әзірлеу қажет. Презентация мәнді, мағыналы, нақты кәсібіңіздің жұмыс процесін, қоғамға пайдасын, бизнес грантты қай бағытта жұмсайтындығыңызды, жобаның нарықтағы өзектілігін, қауіп-қатер есебін, болашақтағы көрінісін толықтай сипаттап жазу қажет.
  2. Кәсібіңіз жайлы бейнеролик түсіру қажет. Бейнероликтің сапасына аса назар аударылады. Өндірілетін өнім немесе тауар жайлы айтуыңыз қажет. Жұмыс барысын көрсету қажет. Видео сапалы әрі мағыналы болуы тиіс.  Ұзақтығы 3 минут.
  3. Біз ұсынған Excel кестеде табыс және шығын көзін толыққанды толтырып, нұсқау қажет. Кестеде кәсібіңіздің соңғы 6 айдағы табыс мөлшері, өндіріс барысында жұмсалған шығындар, өзіңіз жайлы толық сауалнаманы толтыруыңыз қажет. Жобаңыз тікелей кесте көрсеткішіне байланысты.
  4. Жобаны қорғау сұхбаттасу форматында өтеді. Кәсібіңізді ұсынған бизнес жоспарыңыз бойынша қорғау үшін 3 минут уақыт беріледі. 3 минутта сіз нақты біз ұсынған грант соммасын қайда жұмсайтыныңыз туралы мағлұмат беруіңіз қажет. Кейін қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруіңіз қажет. Жұмысты қазылар алдында қорғау тек ақтық сынға өткен үміткерлерге қатысты. Қазылар алқасы баға беретін критерийлер:
  • презентацияны қорғау;
  • саладағы тәжірибе;
  • қаржылық сауаттылығы;
  • жобаның іске асу мүмкіндігі;
  • шығындардың дұрыс меңгерілуі;
  • қоғамда өзектілігі;
  • бәсекеге қабілеттілігі;
  • табыс көзінің нақтылығы;
  • қазақ тілінің тазалығы  бөлімдері бойынша бағаланады.
  1. Жұмыстарды әрбір айдың 5 жұлдызы мен 25 жұлдызы аралығында қабылдаймыз. Сұхбаттасу күні – әрбір айдың 3 жұлдызы, марапаттау рәсімі – әрбір айдың 5 жұлдызы күні өтеді.

 

Барлық құжаттарды 2021grant@mail.ru поштасына қабылдаймыз!!!

Сайыс бойынша ескертулер:

  1. Мағлұматтардың шынайылығы. Барлық көрсеткіштерді нақты көрсетулеріңізді сұраймыз!
  2. Ұсынылған кестелерге өзгеріс енгізуге болмайды! Ол жерде нақты формула енгізілген. Барлық беттерді толтыру міндетті! Егер кәсібіңіз жаңа бастама (стартап) болған жағдайда, болжалды табыс мөлшерін нұсқауыңыз қажет!
  3. Әрбір қатысушы ұсынған жобасын өзі қорғауы қажет. Үміткер өзінің жобасын толыққанды білуі қажет.

Байланыс нөмірлері: 7788 (Қоңырау шалу тегін)

7 747 416 70 42 Ахмадиев Төлеген

 

1810 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы