• Үкімет: келелі міндеттер көшінде
  • 15 Шілде, 2021

Халық санағына дайындық қалай?

Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен елімізде 2021 жылы ұлттық халық санағын өткізуге дайындық және ұйымдастыру мәселелерін шешу бойынша арнайы комиссияның отырысы өтті.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары санақ құрамын толық қамтамасыз ету және вакциналау мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды. Тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге еріктілер ұйымдарын, студенттер мен жұмыссыз тұрғындарды сұхбаттасушы ретінде тарту бойынша жұмысты күшейту тапсырылды. Санақ жүргізіліп жатқан кезде персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жо­сықсыз адамдардың алаяқтық әрекеттерін тоқтату ескертілді. Ә.Смайылов өңірлердің басшыларына бұқаралық ақпарат құралдарындағы баннерлер мен билбордтарды, жарық диодты экрандарды, үнпарақтарды, тиісті ақпараттық хабарламаларды ғана емес, сонымен қатар хабарлау құралы ретінде тұрғын үйлердің топтық чаттарын да қарастыру арқылы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Санақ нау­қаны аяқталғанға дейін елді ме­кендердің құрамдас бөліктерінің атауларын өзгертуге мораторийді сақтау мәселесі де қайта көтерілді. Сондай-ақ әңгіме мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы шеңберінде, шалғай аудандар мен ауылдарда жоғары сапалы Интернетке қосылуды қамтама­сыз ету үшін «egov.kz» веб-порталы мен «sanaq.gov.kz» сайтын интеграциялау аясында атқарылған жұмыстар бойынша ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы болды. Қорытындылай келе, Ә.Смайылов жеке тұлғалар­дың құпия ақпаратын сақтаудың маңыздылығын тағы бір атап өтті және мұндай мәліметтер «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР заңымен қорғалатынын еске салды.

2021 жылғы Ұлттық халық санағы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz маман­дан­дырылған веб-сайтында онлайн форматта жоспарланған, ал са­нақ­тан онлайн өтпеген азаматтар үшін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, әдеттегі­дей үй-үйді аралау 1-30 қазан ара­лығында ұйымдастырылады.

Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

568 рет

көрсетілді

5

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы