• Үкімет: іргелі істер үрдісінде
  • 15 Шілде, 2021

Жаңа уақыттағы уағдаластықтар

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Испанияға ресми сапармен барды. Корольдікке сапар аясында 20-дан астам ірі испандық компания басшылығының қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар бірқатар жаңа жобалар бойынша испан тарапымен нақты келіссөздер жүргізілді.

Өз сөзінде Мұхтар Тілеуберді Испан бизнесінің Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жетістіктерін, сондай-ақ 2021 жылғы қазанға жоспарланған екіжақты ҮАК және іскерлік кеңес отырыстарын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Жиынға «Airbus Defense & Space», «Maxam», «Grupo Santander», «Grupo Аgem», «Matachana», «Acciona», «Talgo»,  «Imabe Iberica»,  «Urbaser» және басқа да  Қазақстанмен ынты­мақ­тастықты кеңейтуге мүд­делі 20-дан астам ірі испандық компаниялардың басшылары қатысты.

Іс-шара барысында испан компанияларына Қазақстан Рес­публикасының инвестиция­лық әлеуеті таныстырылды. СІМ инвестициялар комитетінің өкілі Ардақ Зебешев өз сөзінде агроөнеркәсіптік кешен, металлургия, машина жасау, фармацевтика, көлік инфрақұрылымы және энергетика сияқты басым салалардың мүмкіндіктері, сондай-ақ инвестициялық ахуал және Қазақстандағы инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Дөңгелек үстелді Қазақстан тарапынан СІМ, Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі және Kazakh Invest ұйымдастырды. Өзінің алғы сөзінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали қатысушыларды бірлескен жобалар туралы хабардар етіп, испан компаниялары үшін жасалған нақты инвестициялық ұсыныстарды алға тартты.

Іс-шара аясында ҚР СІМ ИК, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басшылығы әлеуетті және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар бойынша испан тарапымен бірқатар келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Ақмола облысында ет кластерін құру жобасы бойынша «Ingeser» («Grupo TSK») компания­сымен, Нұр-Сұлтан қаласында нөсер кәріздерін салу жобасы бойынша «Aqualia» компаниясымен, энергетика саласындағы әлеуетті жобалар бойынша  «Idom» компаниясымен, сондай-ақ Испанияның экспорт және инвестициялар жөніндегі «Icex» мемлекеттік компаниясының ин­ституционалдық әріптестерімен және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша  «Cofides» дамытуды қаржыландыру жөніндегі испан компаниясымен келіссөздер жүргізілді.

Мұхтар Тілеуберді ресми сапары аясында «Airbus Defense & Space» компаниясының өндіріс­тік алаңы мен халықаралық тренинг­тік орталығына барып, осы компа­нияның басшылығымен кездесті.

Бұдан басқа, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-тың Еуропадағы ең ірі қоқыс өңдеу кешендерінің бірі – «Urbaser» компаниясының технопаркіне Мадрид қаласына сапары ұйымдастырылды, оған сұрыптау зауыты, қайталама шикізатты қайта өңдеу зауыты және инсенирациялық кешен (waste to energy) кіреді. Кездесу барысында жалпы қызметкерлер штаты 35 мыңнан асатын 30 елде жұмыс істейтін компания басшылығы Қазақстанмен ҚТҚ өңдеудің интеграцияланған кешенін құру бойынша серіктестікке жоғары қызығушылық танытты.

Испания Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Пандемияға қарамастан, 2020 жылы Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымының көлемі 1,4 млрд АҚШ долларын құрады, ал биылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 80%-дан астамға өсіп, 842 млн долларды құрады (негізінен қазақстан­дық экспорт есебінен). 2005-2020 жылдар аралығында Испаниядан Қазақстанға келетін тікелей инвес­тициялар көлемі 245 млн АҚШ долларын құрады.

537 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы