• Бизнес & Қоғам
  • 23 Шілде, 2021

Азаматтық қоғамның дамуы – ел бірлігінің кепілі

Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап «Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының сарапшылар тобы «Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс істеу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру» әлеуметтік жобасы аясында еліміздің 17 өңірінде баспаналарға мониторинг жүргізуге кіріседі.

Мониторинг барысында ұйымдастырушылар тұр­мыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін қазақстан­дық баспаналардың, дағда­рыс орталықтарының жұмыс моделі қаншалықты тиімді, олардың қауіпсіздік жүйесі ойластырылған ба, зардап шеккендер қандай көмек алады деген сұрақтарға жауап беруі керек.

«Мониторингтің мақсаты – баспаналарда, дағдарыс орталықтарында қандай жұ­мыстар жүргізіліп жатқанын, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнайы қызмет көрсету стандарты бойынша олардың қаншалықты жұмыс істеп жатқанын көру. Әрине, біз көрсетілетін қызметтердің сапасына баса назар аударамыз. Ол үшін біз вебинарлар мен тренингтер өткіздік», – деді «Қазақстанның тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер инсти­туты» ҚҚ президенті Маргарита Өскембаева.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

1270 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы