• Үкімет: іргелі істер үрдісінде
  • 23 Шілде, 2021

Шаруаларға көмек беріледі

Үкімет басшысы Асқар Мамин Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды.

Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Онда облыс әкімі С. Трұмовтың өңірдегі мал шаруашылығы саласында қалыптасқан ахуал және құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі баяндамасын тыңдады. Үкімет басшысына аса зардап шеккен Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарын жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Мәлімделгендей, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай секілді көршілес облыстардан шөп жеткізу және өткізу жұмыстары жолға қойылған. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-пен жасалған келісімшарт аясында 1200 тоннадан астам арпа әкелінді, олар фермерлерге нарықтық бағадан төмен бағамен сатылды. Сондай-ақ өңірде мал басын түгендеу бойынша арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр.

Фермерлік шаруа­шылықтарды жем-шөп­пен қамтамасыз ету жө­ніндегі мәселелерді жедел шешу және мониторинг жасау жөніндегі республикалық штабтың қарау қорытындысы бойынша Үкімет Маңғыстау облысында малдың аналық басына арналған азыққа жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге бөлді. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлік шаруашылықтарға қол­жетімді бағамен көлемі 114,7 мың тонна дайындалған шөпті сатып алу және жеткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, сондай-ақ «Азық-түлік ке­лісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы көлемі 56,3 мың тонна жем-шөп (кебек) сатып алуға қосымша қажетті қаражат бөлінетін болады.

 

525 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы