• Үкімет: келелі міндеттер көшінде
  • 23 Шілде, 2021

Жем-шөп мәселесі: Жедел шешімдер қабылдануда

Үкімет басшысы Асқар Мамин жем-шөп дайындау мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, тиісті органдарға жұмысты ширатуды тапсырды.

Жем-шөп дайындау бойынша қазіргі жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы жауапты органдардың басшылары баяндады. Бұл проблеманың түйінін шешіп, оған тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Қазір өңірлерде жем-шөп дайындау жоспарлары айқындалды. 18 шілдедегі жағдай бойынша 10,6 млн тонна шөп немесе жоспарланған көлемнің 44%-ы дайындалды. Қосымша 1,6 млн тонна пішендеме, 2,1 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 6 млн тонна құнарлы жем дайындалады. Шөп шабуды ұйымдастыру үшін 255,8 мың га алаңды құрайтын орман алқабы аумақтары ұсынылды. 6,5 мың шабындық бригадасы ұйымдастырылды, әкімдіктер 41,4 мың тонна жанар-жағармай материалдарын жеңілдікті ба­ғамен қайта бөлді. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 170 мың тонна көлемінде 4-5 санатты арпа мен бидай сатып алуды қаржыландырды, қосымша 30 мың тонна компанияның ішкі резервтері есебінен қайта бөлінетін болады. «Мемлекет басшысы қазіргі құрғақшылық кезеңінде фермерлерді жем-шөппен қам­тамасыз ету жөнінде жедел ше­шімдер қабылдау және жүйелі жұмыс жүргізу бойынша міндет қойды», – деді А.Мамин.

Үкімет басшысы жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыру, шабындықтар беру мәселелерінде өңіраралық өзара іс-қимылды нығайту, құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлердің қажеттілігі үшін жем-шөп қорын қалыптастыру қажеттігін атап көрсетті. А. Мамин халыққа жем-шөпті қолжетімді бағамен сату мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, ұн тарту кә­сіпорындарымен және құрама жем зауыттарымен меморандумдар жасасу қажеттілігі атап өтілді. Жамбыл облысының халыққа қолжетімді бағамен шөп пен жемді сату үшін арнайы жәрмеңкелер ұйымдастыру тәжірибесі оң бағаланды. Солтүстік өңірлердің әкімдіктеріне сабанды барынша көп жинауды қамтамасыз ету тапсырылды. Премьер-министр 200 мың тонна көлемінде мал азығы дақылдарын форвардтық сатып алуға «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу мәселесін қарауды тапсырды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шөп шабу мүмкіндігін қамтамасыз ету, Энергетика министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп шөп шабу науқанына арзандатылған жанар-жағармайды қосымша бөлу жүктелді. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына жем-шөп тасымалдауға төмендетілген тарифті қамтамасыз етуі қажет.

546 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы