• Бизнес & Қоғам
  • 29 Шілде, 2021

Сақшылар әуежай қауіпсіздігіне сақадай сай

Түркістан халықаралық жаңа әуежайы толық жұмыс күшіне енгеніне де жарты жылдан асты. Нұр-Сұлтан, Алматы бағытына және Бішкек, Стамбул, Ташкент қалаларына халықаралық тұрақты рейстер ашылды.

Түркістан әуежайы Гиннес­тің рекордтар кітабына енуі мүмкін деген болжам да бар. Себебі, Түркістан халықаралық әуежайы – еліміздің тәуел­сіздік жылдарында салынған Қазақстандағы алғашқы әуе­жайдың бірі. Құрылысы бір жылдың ішінде аяқталды. Сондықтан әлемде ең тез са­лынған әуе кемелерінің айлағы ретінде де тарихта қалып отыр. Алғашқы рейстің бортында 180 жолаушысы бар ұшақ Нұр-Сұлтаннан қаласынан ұшып келіп, Түркістанға қонған болатын. Бұрынғыдай емес, енді киелі мекенге баруды жос­парлаған әрбір адам бірден тікелей Түркістан әуежайына ұшып келеді. Бұл рухани шаһардың халқы үшін де тиімді екені анық.

Қаладан 20 шақырым қа­шықтықта орналасқан әуежай халықаралық талаптарға сай салынған. Жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы 3300 метр, ал ені 45 метр. Жалпы аумағы 905 гектар жерді алып жатыр. Енді еліміздің өзге өңірлері мен шет елдерге әуе рейсі ашылды. Биыл жаңа әуежайға апаратын ұзындығы 16 шақырымнан асатын жаңа жол салынып, оған асфальт төселді. Айта кетейік, әуежай сағатына 450 адамды қабылдап, жылына 3 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады. Айта бір кетерлік жайт, посткеңестік мем­лекеттері арасында Грин­филд түрін­дегі нөлден бастап салынған тұңғыш әуежай болып сана­лады.

Қазіргі таңда желілік по­лиция бөлімшесінде үш па­трульдік полиция тобының по­лицейлері мен бір бөлімше бастығы бар.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

1431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы