- Білім & Ғылым
- 29 Шілде, 2021
Оқушылар жаңа оқу жылын қандай форматта бастайды?

Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылар қандай форматта білім алады? Кезекті оқу жылының басталуына бір айдай ғана уақыт қалған бүгінгі таңда жұртшылықты мазалап жүрген сұрақтың бірі осы.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер қойған осы сауалға Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев: «Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын», – деп жауап берді.
Ведомство өкілі қалыпты оқу форматына ауысу үшін педагогтерге вакцина алу талабы қойылмайтынын айтты. «Мұндай талаптар қойылмайды, мұғалімдер ерікті түрде екпе алып жатыр. Ең бастысы, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Сол үшін ұстаздардың 100 пайыз вакцина алғаны жөн болар еді», – деді ол.
Мектептер мен білім беру ұйымдарына Ashyq жобасы енгізіле ме? Осы ретте Жомарт Қарамбаев бұл мәселе туралы әзірге нақты ештеңе айта алмайтынын алға тартты. «Бұл мәселе талқыланды, бірақ әзірге жоспарда ғана бар. Қазір нақты ештеңе айта алмаймыз. Негізінен жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындары мен колледждерде бұл жобаны енгізу жоспарланып отыр», – деді ол.
БЕКЕТ КӨКЕНАЙҰЛЫ

4884 рет
көрсетілді2
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Deeynptet
15 Қыркүйек, 2022mature gay chat gay chat rpulete <a href="https://free-gay-sex-chat.com/">gay chat led roulette </a>
Gennieptet
16 Қыркүйек, 2022gay male cam chat <a href=https://chatcongays.com>totally free gay phone chat</a> free asian gay chat lines