• Кәсіпкерлік
  • 29 Шілде, 2021

Отандық өнімге қолдау көрсетейік

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі – экономикадағы ең бір тұраланған саласы. Тәуелсіздік алған жылдары арзан шет елдік тауарлардың толассыз легі жеңіл өнеркәсібімізді тоқыратып кеткендігі жасырын емес. Өйткені, уақытында Қазақстанда ғана емес, іргелес жатқан мемлекеттер мен шет елдерді тамсандырған «Жетісу» аяқ киім фабрикасы, Алматы мақта-мата комбинаты, «Восход» тігін фабрикасы, «Тұс киіз» т.б. жеңіл өнеркәсіптері экономикалық дағдарыс мезеттерінде мүлдем іс-әрекетсіз жағдайда қалған еді. Жұмыскерлер саны, өнім өндіру мен аяқ киім тігу бірнеше есеге қысқарған болатын. Соның нәтижесінде еліміз әлі де болса, өзіміздің шикізатымыздан жасалған, бірақ шет елде экспортталып, бірнеше есе үстеме бағада сатылатын киімдері мен аяқ киімін пайдаланып келеді.

Бір қуанарлығы, соңғы жиырма жылдың төңірегінде жеңіл өнеркәсіптегі қар­қынды бетбұрыстар көңіл көншітуде. Солардың бірі де бірегейі – бүгіндері «Халықтық маркаға» ие болып отырған оңтүстік мегаполистің озық үлгідегі өндірістік желісі  «Қаз­жеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС айрықша атауға болады. Ол өзінің он жылдық тарихында және еліміздің жеңіл өнеркәсіп нарығында толассыз еңбектеніп, тігін және аяқ киім саласында бәсекеге қабілетті отандық өнім екендігін ісімен дәлелдеп отырған жайы бар.  Тұтынушылар сұранысы мен қанағаттану деңгейін арттыруда фабрика өнімінің сауда маркасы «QLP» бренді тоқыма және теріден дайын өнім шығару циклын қолға алып, ісін бастап та кетті. «Тігін және аяқ киім фа­­брикасының өндірістік қуаты жылына екі миллионнан астам түрлі киім мен бес жүз мыңнан аса жұп аяқ киімдерін шығарады. Фабриканың барлық өнім түр­леріне арналған ST-KZ сертификаты бар, мұнда жергілікті қамту үлесі айтарлықтай жо­ғары»,–дейді кәсіпорын директоры Айбек Бектұрғанов.

Кәсіпорын өзінің даму жыл­дарында жаңа өндірістік цехтарды құрып, Германия, Жапония, АҚШ-тың жетекші әлемдік өндірушілерінің заманауи жоғары технологиялық жабдықтарымен және біліктілігі жоғары мамандарымен толық­ты. Аталған кәсіпорынның бас­қалар­ға қарағанда артықшы­лығы – бірегейлігінде. Мұнда тігін өн­дірісімен қатар аяқ киім өн­дірісінің болуы тапсырыс беру­шілер үшін қажетті тауарларын бір жерден алуға таптырмас мүмкіндік жасалынған.

Сапалы отандық өнімдермен танылған кәсіпорын класси­калық костюмдер, көйлектер мен аяқ киім шығаруға ма­­ма­н­данған. Кезінде компания иеле­рі өндіріске 6 миллион еуроға жуық қаржы салып, 800 дана заманауи америкалық, италия­лық, неміс және жапон құрал-жабдықтарын сатып алған болса, бүгіндері сол құрылғыларда бес жүзге жуық адам жұмыс істеп отыр. Кәсіпорын басшылары өз қызметкерлерінің әрдайым біліктілігін арттырып, білімді кадрлар даярлауды назардан тыс қалдырған емес. Олай айтуға да негіз бар.

 

 

Өйткені, кәсіпорын ашылған сәтінен бастап фабрика жанынан «Шебер» оқу орталығы құрылып, қазіргі таңда үш айлық оқу курсына мамандандырылған колледждер мен лицейлердің студенттеріне, «Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің «Жұмыспен қамту–2020» жол картасы бағдарламасы бойынша келем деушілерге  өндірістік тәжірибеден өтуіне жағдайлар қарастырылған. «Шебер» оқу ор­талығы кең материалдық базамен жабдықталып, кәсіби жоғары оқу орындарының ұстаздары тігін және аяқ киім өндірісінің (тігінші, тігін жабдықтарының механигі, киім дизайнері, аяқ киім өндірісінің мамандары) мамандықтары бойынша оқу бағдарламасына байланысты әр оқушыға жеке дәріс жүргізеді. Курсты аяқтаған соң, еліміздің Жеңіл өнеркәсіп ассоциациясының президенті, Алматы қаласы кәсіп­керлер палатасының директоры және «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС директоры бекіткен сертификаты беріледі. Болашақта осы мекемеде жұмысын жалғастырам деушілерге жұмыспен қамту мәселесі де оң шешімін тапқан. Кәсіпорын Pfaff фирмасының заманауи неміс автоматты машиналарын пайдаланудың арқасында аяқ киім цехының қуат­тылығы сонша. тәулігіне 400-ден 1400 жұпқа дейін өнім өндіреді. Аяқ киім мен тігін бұйымдарын жасауда фабрикада 200-ге жуық түрлі материалдар қолданылады. Шикізаттың көп бөлігі Италия мен Түркия шет мемлекеттерінен әкелінеді екен.

Сондай-ақ фабрика қазақтың жүнін кәдеге жаратып, тоқылған мата мен былғары өндірісінің толық циклын іске қосу арқылы жергілікті қамту үлесін арттыруды жоспарлап отыр. Фабрика өнімдері киім-кешек дизайнның нобайынан бастап дайын өнімге дейінгі барлық сатылардан өтеді. Тігін шеберханалары тәулігіне 400 костюм шығаруға қабілетті ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Тігін өндірісі дизайн бөлімінен басталады. Мұнда дизайнерлер мен сәнгерлер тобы соңғы сән үрдістеріне сәйкес жаңа топтамалар әзірлейді. Жаңа модельдерді жасау кезінде біз шетелдік аналогтарды зерттейміз. Мысалы, кейбір костюмдерде ұлттық нақыштар бар.Тапсырыс бойынша киім жаса­ғанда, эскиздердің бірнеше нұсқа­ларын дайындаймыз. Тапсырыс берушілермен бірге біз каталогтан материалды таңдаймыз және эскиздерді дизайнерлерге береміз, олар шаблондарын жасайды. Модель эксперименттік шеберханада бір данамен тігіледі, содан кейін біз оны тапсырыс берушіге көрсетеміз, деп отыр «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС-ның дизайнері Нұрбибі Байтасова.

Қазіргі уақытта компания өнімдері MEGA Alma-Ata сауда орталығындағы QLP ерлер киімі мен аяқ киімі дүкенінде ұсынылған. Астанада «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС костюмдерін «Қазақстанда жасалған – Халық маркасы» сауда-көрме павильонынан сатып алуға болады, мұнда олар тағы 50 қазақстандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің өнімдерімен қатар қойылған. Аталмыш компания еліміздің жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының мүшесі, «Қазақстанда жасалған» сертификаты мен «Халық маркасы» белгісінің иегері. Ал, цехтары әлемдегі жетекші өндірушілердің жоғары технологиялық машиналарымен жабдықталған.

Осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке өзі «Қаз­жеңіл­өнеркәсіп-Алматы» ЖШС дайындаған өнімдеріне ризашылығын білдіріп, басқаларға да айрықша үлгідегі өз тауарларымызды сатып алуға ұсыныс жасаған болатын. Қалай айтсақ та бұл тігін және аяқ киім өндірісінің ең озық заманауи технологиядан өтіп, модернизацияланған кешен.

Өндірістің барлық кезеңдерінде көп сатылы сапаны бақылаудың арқасында кәсіпорын өнімдері сапа стандарттарына сәйкес келеді. «Қазжеңілөнер­кәсіп-Алматы» ЖШС ҚР СТ ИСО 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйесі» және ҚР СТ ИСО 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйесі» талаптарына сай сертификатталған. Кәсіпорын–«NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ шығарған «Қазақстанда жасалған» сертификатының иегері, сонымен қатар «Қазақстанның үздік тауары-2015» республикалық байқау-көрмесінің, «Жыл патриоты-2015» байқауының, «Нұрлы жол» номинациясы бойынша «Алтын сапа-2015» аймақтық конкурсының номинанты, «Қазақстанның үздік тауары-2019» аймақтық байқау-көрмесінің «Ха­лыққа арналған үздік тауар» номина­циясының жеңімпазы.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

 

302 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы