• Үкімет: келелі міндеттер көшінде
  • 29 Шілде, 2021

Тасымал әлеуеті артады

Қазақстанның Өзбекстанмен стратегиялық серіктестігі транзиттік-көлік саласын қоса алғанда, барлық бағыттарда ырғақты дамып келеді.

 

Премьер-министр Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Мах­камовпен кездесті. Тараптар транзит-көлік саласындағы ын­тымақтастықты дамыту перспективаларын, атап айтқанда, жүк тасымалын ұлғайту, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда көлемін ұлғайту үшін көлік-логистикалық әлеуетті арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамырында тауар айналымы 46%-ға өсіп, $1,5 млрд құрады. ҚР-ның ӨР-ға экспорты 58,4%-ға ұлғайды. Пандемияға қарамастан, екі ел арасында жүк тасымалының барлық түрлері бойынша көрсеткіштердің артқаны байқалады. Атап өткенде, тек 2021 жылдың І тоқсанында контейнерлік тасымалдар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 57% өсіммен 233,9 мың ЖФЭ-ге дейін артып келеді. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі осы жылдың 6 айында 18%-ға өсіп, 1,3 млн тоннаны құрады. Тараптар биылғы жылдың 29 шілдесінен бастап аптасына 2 рет жиілікпен «Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Қазіргі уақытта ҚР мен ӨР арасында аптасына 32 рейс орындалады.

Кездесу барысында тараптар бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру – «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржол желісін, «Түркістан – Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралін салу және басқа да жос­парларды талқылады.

465 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы