• Қаржы
  • 06 Тамыз, 2021

Қазынашылық қолдау: Бюджет қаражатының әр теңгесі мақсатты жұмсалуы тиіс

Бүгінде соңғы алушыларға дейін бюджет ақшасын мониторингілеудің қолданыстағы құралы – құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу болып табылады. 2019 жылдың басынан бастап құны 2 млрд теңгеден асатын құрылыс нысандары бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу жөніндегі талаптар күшіне енді.

Құрылыс бойынша мемлекет­тік сатып алуларды қазынашы­лық сүйемелдеу бюджет ақшасын мақсатты пайдалануға мүмкіндік береді. Қазынашылық сүйемелдеуді енгізудің алғышарттары құрылыс саласындағы көптеген проблемалар болды. Құрылысқа бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылаудың классикалық жүйесі әрдайым орындалған жұ­мыстардың актілері негізінде бюджеттен қаражат аударылатындай етіп құрылған. Кәсіпкерлік субъектілерінің бөлінген ақшаны одан әрі пайдалануы мемлекет тарапынан бақылау нысанасы болған жоқ.

Дұрыс ресімделген төлем және растаушы құжаттар болған кезде бюджет қаражаты Екінші деңгейдегі банктердегі қатысушылардың шоттарына аударылды. Алайда, құзырлы органдар жүргізген келесі бақылау барысында оларды одан әрі пайдалану кезінде көптеген заң бұзушылықтардың орын алғаны анықталды. Құры­лыс саласында салық бойынша көптеген қарыздар жинақталды немесе түсімдердің жасырылуына байланысты салық жүктемесінің коэффициенті төмендеді. Алынған бюджет қаражатын басқа мақсаттарға бөлуге байланысты стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар мем­лекеттік объектілерді тапсыру мер­зімдері ұзартылды. Құрылыстағы қалыптасқан проблемалар, сайып келгенде, сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық көріністерге әкелді. Қазынашылық қолдау алгоритмі қазынашылық органдарында сметалық құны екі миллиард теңгеден асатын объектілерді салу кезінде бас мердігерлерге және бірінші деңгейдегі қосалқы мердігерлерге шоттар ашылатындығында. Қазы­нашылық сүйемелдеу рәсімдері конкурстық рәсімдерден бастап объектіні пайдалануға беру үшін қабылдап алуға дейін қолданылады. Конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін конкурс жеңімпазы – бас мердігер мемлекеттік сатып алу шотын ашу үшін тапсырыс берушіге қызмет көрсету орны бойынша қа­зынашылықтың аумақтық органына жүгінеді. Ол сонымен бірге құрылыс барысында тартылатын және қазынашылықта шоттар ашуға міндетті қосалқы мердігерлердің тізімін ұсынады.

Мемлекет тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы қосалқы мерді­гер­лердің – мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың адалдығын айқын­дайды, сондай-ақ  бас мердігер мен қосалқы мердігерлердің төлемдерін жүргізудің барлық кезеңдерінде ақпараттық жүйе арқылы төлемдерге мониторинг жүргізеді.

Бас мердігерлер жобалық-сме­талық құжаттамаға қатаң сәйкес­тікте ақшаны пайдалануда бақылауға алынды. Тетіктің мәні кәсіпкерлер (мердігерлер) қазынашылық органдарында арнайы шоттар ашуға және олар арқылы өздерінің барлық төлемдерін жүзеге асыруға міндетті. Бұл мемлекетке бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылыс жобаларын іске асыру шеңберінде барлық ақшалай аударымдарды бақылауға мүмкіндік береді.

Қазынашылық сүйемелдеу тетігі сапалы және мерзімінде пайдалануға берілген объектілер, объектілерді салу кезінде делдалдар санының азаюы, әсіресе сенімсіз объек­ті­лер, құрылыс саласының салық жүктемесінің артуына оң нәтиже берді.

Осылайша, қазынашылық сүйе­мел­деу тетігі ақша ағындарының қоз­ға­лысын түпкілікті алушыға дейін бақы­лауға, қаражатты шартта көздел­ген мақсаттарға пайдалануды қамта­­масыз етуге, сол арқылы бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттыруға және төлемдердің ашық­тығын, салықтардың толық төленуін, құрылыстың сапасын бақылауды, бюджет қаражатының мақсатты пайда­ланылуын, қазақстан­дық қам­ту­ды бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Балжан ОҢҒАР,

Қаржы министрлігі  

Қазынашылық комитеті

Алматы қалалық қазынашылық

 департаментінің  бас маманы

868 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы