• Қаржы
  • 12 Тамыз, 2021

210 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылған

Халықтың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жинаған қаражатын үй сатып алу немесе денсаулығын жақсарту, емделу мақсатында алуына рұқсат берілгені – игі шара. Тек соның ысырапқа ұшырамай, нақты мақсатта пайдаланылуы әркім үшін де мәні зор мәселе болып табылды. Бүгінгі шолуы­мызда осы ретте БЖЗҚ таратқан ресми мәліметтерді келтіре отырып, баяндамақпыз.

Сонымен, осы жылдың 5 тамы­зын­­дағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 379 423 өтінішін орындағанын атап көрсетеді. Уәкілет­ті оператор – банктерде ашылған қазақ­стандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,7 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,4 млн теңге, деп жазады өз сайтында.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,7%), Маңғыстау облысының (14,9%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған. БЖЗҚ сай­тындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту­ға арналған біржолғы зейнетақы тө­лемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдері).

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақ­тарының бір бөлігін пайда­лануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ болып табылады. Орындалған өтініштердің едәуір бөлігі «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,3%), одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,8%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (0,9%), «Altyn Bank» АҚ (0,03%) және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ (0,01%) арқылы берілді.

Біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті операторда («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) ашылған арнайы шотқа түскеннен кейін алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде ұсынады. Уәкілетті операторға дәйекті құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылуға жатады. Бұдан бөлек, азаматтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану кезінде өтінімде көрсетілген мақсатты, уәкілетті операторлар арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеу барысында өзгертулеріне құқықтары бар. Салымшы, аударылған соманы «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға тиісті өтініш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны банк алушыдан қайтаруға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Бұған қоса БЖЗҚ емделуге жалпы сомасы 26,1 млрд теңгеге келіп түскен 27 902 өтінішті орындаған. Бұл ретте алуға болатын орташа сома – 0,9 млн теңге. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 4.2 млрд теңге қайта­ры­лыпты.

Биыл 5 тамыздағы жағдайға сай инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) шамамен 4,8 млрд теңге аударылған. БЖЗҚ-ға келіп түскен 2 395 өтініш орындалыпты. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,0 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі егжей-тегжейлі статис­тика enpf.kz сайтында жарияланып отырады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы төрт ИПБ-мен шарт жасасқан. Айта кетейік, 4,8 млрд теңгенің 43,89% немесе 2,1 млрд теңгесі «Jusan Invest» АҚ, 27,76% немесе 1,3 млрд теңгесі «Halyk Global Markets» АҚ, 18,65% немесе 0,9 млрд теңгесі «BCC Invest» АҚ, 9,70% немесе 0,5 млрд теңгесі «Сентрас Секьюритиз» АҚ аударылған.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды Ұлттық банк басқармасының инвестиция­лық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, ИПБ инвести­циялық  басқаруды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5%-ынан аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітеді және ол жылына бір рет қана өзгеруі мүмкін.

Салымшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Ұлттық банктің басқа­руында болатын зейнетақы жинақ­тарына инфляция деңгейі еске­ріліп отыратын сақталу кепіл­дігі қолданылады. Зейнетақы жи­нақ­тары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізге ала отырып есептелінеді.

Исатай ҚАМБАРОВ

1831 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы