• Қаржы
  • 12 Тамыз, 2021

Мобильді төлемдер – өзгелерден тартымдырақ

Қолма-қол ақшасыз есептесулердің жаңа тренді – мобильді төлемдер. Бір жылда мобильді телефон мен интернет арқылы жасалған транзакциялар сомасы 2,5 есе артқан. Елімізде жүзеге асырылған қолма-қол емес барлық төлемдердің тіпті 83 пайызы онлайн түрде орындалған, деп жазады  Finprom.kz сайты.

Биылғы жылдың қаңтар-мау­сымында Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 29,6 триллион теңгені құраған, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (12,4 триллион теңге) – 2,4 есе артық деген сөз. Соңғы бес жылда қолма-қол ақ­шасыз төлемдердің көлемі жылына орта есеппен 2,2 есе өскен, ал бұл осы бағыттың күрт дамып отырғандығын аңғартады. Коронавирус індеті мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі осы үдерісті жылдамдата түскені даусыз.

Бүкіл әлемдегідей, соңғы уақыт­та біздің елімізде де мобильдік қаржы, күткендегідей, телекомму­никациялар мен қаржылық технологиялар нарығындағы көкей­кесті трендтердің біріне айналды. Қазақстанда жүргізілген барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің 83 пайызға жуығы интернетпен және мобильді телефон арқылы жүзеге асқан. Соңғы бір жылда ғана транзакциялар сомасы бірден 2,5 есе артқан.

Бүкіләлемдік жүйеге қолже­тімділік интернет және мобиль­дік қосымшалар арқылы алынатын және/немесе төленетін қызметтерді тартымдырақ ете түсу­де. Еліміздегі барлық опе­­раторлардың абоненттері де өз ақшаларына мобильді телефондарының көмегімен иелік етіп, емін-еркін қолдана алады. Мобильдік қаржылар сегментінде Beeline бәрінен де ұтымдырақ ілгерілеп отыр (1-инфографика).

Карточкалық өнімдерге ар­налған инновацияларды қол­данудың халықаралық тәжіри­бесіне талдау жасау барысында негізгі тренд айқындалды: мобильді телефондардағы төлем карталары функционалының ықпалдастығы. Елімізде, бүкіл әлемдегідей, неғұрлым көбірек пайдаланушылар тауарлар мен қызметтер үшін мобильдік тө­лемдердің көмегімен есеп айырысады. СЖРА Ұлттық статистика бюросының зерттеулеріне сәйкес, 2020 жылы интернетте сатып алулды жүзеге асыру барысында пайдаланушылардың 21,8 пайызы мобильдік төлемдерді қолданған. Аймақтар бойынша төлемнің мұндай түрі Ақтөбе (48,5%) және Жамбыл (32,7%) облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы (32,1%) респонденттері арасында не­ғұр­­лым көбірек таралған екен.

Мобильдік қаржыларды дамы­туға Beeline жаңаша серпін танытуда. Биылғы жылдың екінші маусымында нақ осы оператор мобильді Simply необанк: мобильді әмиян мен еліміздегі тұңғыш Visa Platinum мобильдік сандық жүйесін таныстырды. Simply (ағылшын тілінен аударғанда – «қарапайым» – ред.) барлық операторлардың да або­ненттеріне қолжетімді, ең бас­тысы, Қазақстан үшін, әсіресе аймақтардағы халықтың біраз бөлігі ең жақын деген банктік бө­лім­шелерден көптеген шақырым алшақ орналасуы себепті нақ осы жүйе қолжетімді жерде банктің болуын талап етпейді де.

Simply іс жүзінде – Қазақстан­дағы алғашқы необанк, ол қолда­нушының телефон нөмерімен байланыстағы мобильдік қосым­шада барлық операцияларды жүзеге асырады. Сондай-ақ клиенттің картасы нөмірінде оның мобильдік нөмері де қоса тіркелген. Сонымен қатар қосылу, жылдық қызмет көрсетілуі, әмиян мен карточканы ашу тегін, ал қаржыларды тіркеу – барлық қол­данушылар үшін де пайызсыз жүзеге асырылады. Бұдан басқа, әмияннан Simply әмиянына ақша аударулар, басқа да елімізде шығарылған кез-келген банктік карталарға аударған сияқты, комиссиясыз қолжетімді. Осыдан өзге, Simply тіпті NFC технология­сымен ықпалдастырылған және Қазақстанда қызмет көрсе­тетін Apple Pay, Samsung Pay, Garmin Pay цифрлық әмияндардың бар­лы­ғымен де үйлесімді.

Бәрінен бұрын, жаңашыл жүйе­нің әрбір қолданушысы, барлық тиісті платиналық мәртебемен қоса, Visa Platinum сыйақы картасын бірге алады. Сондай-ақ Simply-дің өз бонустендіру жүйесі бар: Simply токендерімен инвестициялау мүмкіндіктері. Beeline абоненттері үшін мобильдік телефон балансымен картаны тікелей біріктіру қамтамасыз етілген және оны карточкалық транзакция жасауға қаражат көзі ретінде де пайдалануға болады.

Айта кету керек: жалпы алған­да, Қазақстандағы банктік сектор бойынша Platinum деңгейіндегі карталарды бар-жоғы екінші деңгейлі банк және оның ішінде осы топ ондықтағылардың тек 5-еуі ғана ұсына алады. Картаны қолданудың жылдық төлемі айтарлықтай ерекшеленеді де. Мәселен, Сбербанкте ол жылына 50 мың теңгеге жетсе, Еуразиялық банк картаны тегін қолдануға мүмкіндік береді, бірақ депозитте 10 млн тг сомасында қаржыңыз болса ғана. Сонымен қатар банктердің барлығында бірдей NFC-төлем мүмкіндіктері бола бермейді немесе қолданыс мүм­кіндіктері шектеулі. Мәселен, Еуразиялық банк карталарында Garmin Pay жүйесі жоқ, ВТБ банк тіпті жанасусыз төлем бойынша мәліметтер бермейді, т.с.с. (2-инфографика).

Ресми іске қосылған екі айдан кейін Simply қосымшасын 322 мың реттен аса қосып алған, бұл аталған өнімге сұраныстың зор екенін аңғартады.

Бұдан басқа, биылғы жылдың 9 тамызына Simply қосымшасы Google Play алаңындағы «Қаржы-қаражат» категориясында Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер мобильдік қосымшаларынан оза шауып, бірінші орында тұр.

Дегенмен, екінші орында «Kaspi.kz суперқосымшасы» жайғасқан. ТОП-3 үздіктерін Қазақстан Халық банкінің Halyk Homebank қосымшасы түйіндейді (3-инфографика).

Еске салар болсақ, көптеген дәстүрлі банктік қызметтерден ерекше мобильдік қаржылар Қазақстанда іс жүзінде барлық жерде де қолжетімді. Елімізде биылғы жылдың шілде айына интернет жүйесіне қосылуға толық мүмкіндіктері бар 16 миллион ұялы байланыс абоненті тіркелген. Бір жылда олардың саны 6,9 пайызға артқан. Жылдан-жылға көрсет­кіштердің жағымды серпінінің өсуі байқалады.

1853 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы