• Бизнес & Қоғам
  • 19 Тамыз, 2021

Өнім сапасы мен қауіпсіздігі – басты назарда

«Астана Моторс» құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы автокөлік әуесқойларына толық көлемді отбасылық кроссоверді ұсынды. Hyundai брендінің флагманы – Palisade «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan отандық зауыты шығаратын жетінші модель. Қазақстанда автомобиль сегіз орынды Travel, сондай-ақ жеті және сегіз орынды Prime және High-Tech жиынтығында көрсетілген.

Hyundai әлемдік бренді­нің жол талғамайтын көлік­тері мен кроссоверлері технология­лылығымен, инновациялық өндірістік шешімдерімен және интеллектуалды жүйелерімен ерекшеленеді. Hyundai Palisade артықшылықтарының бірі – жол сапарларын ұнататындардың автокөлікте ұзақ уақыт өткізуіне арналған жоғары жайлылық, атап айтқанда, премиумды опция – бөлек орындықтар. Жаңа модельде басқару элементтері ыңғайлы орналасқан. Қос лами­натталған әйнектер тіпті экстре­малды маршруттарда да сенімді дыбыс оқшаулауын қамтамасыз етеді.

Hyundai Palisade қауіпсіздік сынақтарында ең жоғары нәтиже көрсетті. Hyundai Smart Sense белсенді қауіпсіздік жүйелері­нің кешені тәуліктің кез келген уақытында жолдағы жағдайды үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.

«Қазіргі заманда мега­по­листердің тұрғындары көп уа­қытын автокөліктерде өткізеді. Кейбіреулер үшін – бұл жылжымалы шағын кеңсе, ал бас­қалары үшін – отбасымен сая­хаттауға болатын дөңгелегі бар үй», – деп атап өтті Hyundai Auto Kazakhstan директоры Денис Коломацкий.

Кроссовер қуаты 249 ат күшіне дейін жететін және 8-сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған заманауи 3,5 литрлік «атмосфералық» қозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыш өз класындағы үздік динамикалық сипаттамаларға ие және барлық экологиялық стандарттарға сәйкес келеді. Hyundai Palisade автомобилі­нің бағасы жиынтықталымы­на байланысты 20 млн. 390 мың теңгеден басталады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

 

1143 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы