• Цифрлы Қазақстан
  • 19 Тамыз, 2021

Ауқымды жобалар іске асырылып жатыр

Қазақстанның үш ірі алтын өндіруші кәсіпорнының бірі – «Алтыналмас АК» АҚ SAP S/4HANA және модельдік компаниялардың шешімі негізінде бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша  ауқымды жобаны іске қосты.

Жобаны SAP Services CIS сарапшылар командасы күрделі пандемия жағдайында өте қысқа мерзімде іске асырды. Жұмыс Agile-әдіснамасын қолдану арқылы толығымен қа­шықтықтан жүргізілді, бұл жобаны басқа әдіснамаларға қарағанда екі есе жылдам іске қосуға мүм­кіндік берді. Болашақта жаңа ше­шім операциялық шығындарды 15%-ға, айналым капиталын 5%-ға оңтайландыруға, сондай-ақ дағдылы операцияларды 20-30%-ға қысқартуға мүмкіндік береді. 2017 жылы компанияда жаңа инфрақұрылым мен жаңа операциялық модельді пайдалана отырып, бизнесті қайта ұйымдастыруға және бизнес-процестерді стандарттауға бағыт­талған жаһандық цифрлық трансформация жобасы басталды. Тарихи ақпараттық жүйе деректер көлемін игере алмады және өндіріс процестерін қамтымады, сондықтан оны ауыстыру туралы шешім қабылданды.

«SAP шешімі деректерді төмен деңгейлі өнеркәсіптік жүйе­лерден жинақтайтын жоғары деңгейлі платформаға айналды. Осы деректерді талдау негізінде компания мамандары салмақты шешімдер қабылдап, процестерді оңтайландыра алады, сондай-ақ нақты уақыт режимінде қысқа уақыт аралығында барлық про­цестерді бақылау қажет кен өндіру кәсіпорны жағдайында жүзеге асыру өте қиын болатын дұрыс бюджеттеу мен жоспарлауды іске асыра алады. Шешімді таңдау кезінде біз үшін басты критерийлер мыналар болды: SAP стандартты функционалдылығын барынша пайдалана отырып, үздік жаһандық және салалық практикаларды қолдану, Қазақстан заңнамасының стандарттары мен талаптарына сәйкес оқшаулау, шешімнің ауқымдылығы», – деп атап өтті  «Алтыналмас АК» АҚ IT және корпоративтік даму жөніндегі вице президенті Жанар Аманжолова.

Жоба екі жылға есептелген, үш жүйелі толқынмен енгізіледі және 2022 жылы аяқталады. Бі­рінші толқын қаржы және пайдалы қазбаларды өндіру үшін екі модельді компания базасында басталды, ол қаржылық есепке алу, персоналды басқару және өндірістік есепке алу процестерін қамтыды. Екінші толқын жылжымалы және көлемді жоспарлау, сату және операциялар, бюджеттеу, ТҚжЖ автоматтандыру процестеріне бағытталған. Үшіншісі –  бизнес-талдау мен ви­зуа­лизацияға, сондай-ақ экология бойынша жобаларға арналды.

Жаңа ақпараттық жүйені пайдалана отырып, жаңа бизнес-процестерді бастау «Алтыналмас АК» АҚ компаниялар тобының құрамына кіретін төрт компанияда («Алтыналмас АК» АҚ, «Алтыналмас Technology» ЖШС, «Алтыналмас Сауда Үйі» ЖШС, «Ақсу Technology» ЖШС), жеті кеніште («Ақбақай», «Бескемпір», «Пустынное», «Долинное», «Ақсу АТКЖ», «Андасай», «Олимпийское»), сондай-ақ, «Ақбақай» және «Долинное» алтын өндіру фабрикаларында, «Пустынное» байыту фабрикасында және «Алтыналмас Technology» қымбат металдарды шығару зауытында орын алды. Шешімдер қабылдау процестерін және барлық бас­қару функцияларын одан әрі функционалдық дамыту және автоматтандыру үшін цифрлық негіз қалыптастырылды. Масштабталатын шешім деректердің бірыңғай моделімен жұмыс істейді және MES-жүйелермен ықпалдастыруға дайын. Қазір оны шамамен 600 адам пайдаланады, алдағы уақытта пайдаланушылар саны 2000-ға дейін артады.

«Алтыналмас АК» АҚ – толық геологиялық, тау-кен өндіру және алтын өңдеу циклының компания­сы. Компанияның Қазақстан Рес­публикасының төрт аймағында активтері бар. Оларға: Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы «Пус­тынное» жобасы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Мизек» кен орны, «Ақсу» жобасы және Ақмола облысындағы «ҚазақАлтын ТКМК» АҚ жатады.

Нұрлан ҚҰМАР

6712 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы