• Бизнес & Қоғам
  • 22 Қараша, 2012

Қала дамуындағы іргелі серпіліс Мақпал САҒЫНДЫҚ

Павлодар облысының аумағында орналасқан Екібастұз елдімекені 1898 жылы ашылды. Кейіннен, яғни 1957 жылдың 12 маусымында Екібастұзға қала статусы берілді. Жалпы аумағы 18,9 мың шаршы шақырымды құрайтын қала еліміздегі ірі көмір алқабы табылған жердің санатында. Осындағы көмірдің жалпы геологиялық қоры шамамен 10 млрд тоннаға жетеді. Екібастұз ауылдық аймағына 10 ауылдық округ, 2 елдімекен және 2 ауыл кіреді. Халықтың ауыл шаруашылық саласында айналысатын басты қызметі – мал және бақша шаруашылығы болып отыр.

Қаладағы халықтың орналасу тығыздығы 1 шаршы метрге 7,5 адамнан келеді. Қазіргі таңда Екібастұз қаласында 80-нен астам ұлт өкілдері мекендеуде. Жалпы аймақта 49 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 23-і – ауылдық білім ошақтары. Аталмыш білім орындарында барлығы 18 780 оқушы білім алуда.  

            Дүниежүзі бойынша Екібастұз көмір алқабы ең ірі орындардың біріне жатады. Халықаралық сапа стандарттарына ие болған «Богатырь Аксес Комир» ЖШС ашық тәсілмен көмір қазатын осы өңірдегі бірден-бір тау кәсіпорыны болып табылады. Кесіндінің  өндірістік қуаттылығы жылына  42 млн тонна. Көмірді негізінен еліміз бен көрші Ресей Федерациясының энергожүйелері тұтынады. Көмірдің өндірістік қоры – 1,3 млрд тонна, кесінді тереңдігі - 175 м. Шөміштердің сыйымдылығы – 139 текше метр,  жер қыртысында – 108,5 текше метр. Қазірде көмір алқабында 2960-тан астам жұмысшы еңбек етеді.

            Осы қалада орналасқан «AES» Екібастұз» ЖШС – ГРЭС-1станциясы 1980 жылы пайдалануға берілді. Электр энергиясын біртекті энергетикалық жүйеде өндіретін станцияның Қазақстандағы электроэнергиясын өндіру үлесі 12 пайызды құрап отыр. Конденсациялық электр қуаттылығы - 4000 МВт. Станцияның  қуаты - 1800 Мвт-қа дейін  жетеді. Аталмыш станция елімізде қарқынды даму мүмкіндігіне ие болған станциялардың бірегейі. Станцияға бекітілген қуаттылық 1000 МВт. Станция екіблокты тәртіпте жұмыс істейді.      2015 жылға дейін энергетикалық саланы дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысында үшінші және төртінші энергоблоктардың құрылысының технико-экономикалық негіздемесі жасалған. Бастапқы бағдарламаның қосынды салымы 12 млрд теңгеге бағаланды.

            Үстіміздегі жылдың бастапқы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің № 261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру туралы жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 3-тармағында моноқалаларды дамыту бастамасы көрсетілген. Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыруға үш жылдық мерзімге қаржы бөлініп отыр. Яғни, 2013 жылға – 38,2 млрд теңге, 2014 жылға – 43,2 млрд теңге, 2015 жылға – 53,9 млрд теңге игілікті шараларға жұмсалады деп жоспарлануда. Павлодар облысынан аталмыш бағдарлама аясында Екібастұз бен Ақсу қалаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, қала ортасында кәсіпорындар саны көбейіп, көшеттер мен түрлі әлеуметтік орындардың қарасы артпақ.

            Екі кезеңге бөлінген моноқалалар бағдарламасының алғашқы сатысында негізгі шаралар жүзеге асса, екінші маусымында қалалардың алға дамуы, гүлдену үрдісі өз нәтижелерін көрсетпек. Үкімет 2020 жылға дейін бірқатар мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге міндетті, соның ішінде, өндірістің жалпы ауқымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі және қала қалыптастырушы кәсіпорыннан тыс құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны артуы қажет. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін ең алдымен былтырғы жылмен салыстырғанда 2020 жылы өнеркәсіп салаларын 4 есеге арттыру мақсатын орындау шарт.

            «Қазақстан Республикасының моноқалаларын дамыту» бағдарламасына еніп отырған Екібастұз қаласындағы Бозшакөл тау-кен байыту комбинатында аталмыш жобаға сәйкес, мыс өндіретін кен орындарында  құрылыс жұмыстары қарқында жүргізілуде. Осы жұмыстарды нақты орындауға аймақтан 1200 адам тартылып отыр. Құрылыс жұмыстары сәтті аяқталып, нақты пайдалануға берілгенде жұмысшылар қатары тағы 300 адамға көбейеді деп жоспарлануда.

            Бүгінгі статистикаға көз жүгіртсек, республика аймағында 520-дан астам қаңырап тұрған бос үйлер тіркелген. Жаңа жыл қарсаңында бұл олқылықтарды болдырмау үшін қолданысқа жарамды үйлерге күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізу және құлау алдында тұрған үйлерді тазарту жұмыстарына мемлекет қазынасынан 750 млн теңге бөліну қарастырылған. Бағдарламаның аясында бірқатар инвестициялық жобаны жеке инвесторлардың қаражаты есебінен іске асыру көзделген. Сол сияқты моноқалаларға жақын орналасқан перспективалы пайдалы кен орындарын, «Қазгеология» ҰК» АҚ немесе кәсіпорындардың шикізат базасын ұлғайтуға мүдделі жеке инвесторлардың қатысуымен оларды толығымен барлау шараларын айқындай отырып, анықтау жүргізіледі.

            Қаланы көріктендіруде ағымдағы жылы қабылданған моноқалаларды дамыту бағдарламасы үлкен септігін тигізері сөзсіз. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде әкімдік пен қаланы көріктендірудегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған 2013-2015 жылдарға арналған қаланы дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Соның ішінде автожолдарды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды қайта жарақтауға және тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының құрылысына 7,0 млрд теңгеден аса сомаға, соның ішінде 2013 жылы 1,9 млрд теңгеге жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде Екібастұз қаласын көріктендіруге 538,0 млн теңге бөлініп, олар:

- нормативтік мерзімін өтеген 42 лифтті жөндеуге;

- қаланың көшелерін, 12 балабақшаға, 6 мектепке іргелес жатқан аумақтарды және қаланың 50 жылдығы атындағы саябақты жарықтандыруға;

- орталық жылу пункттерінің 20 су жылытқышын ауыстыруға;

- кварталішілік аумақтарды абаттандыру мен 6 балалар ойын алаңқайын орнатуға;

- «Өнер» ҚМО және «Қазақстан» кинотеатры жанындағы субұрқақтарды қалпына келтіруге жұмсалады.

            Үкімет тарапынан қолдау тапқан моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында республика аймағында өндірістік қуаттылығы төмен деңгейде орналасқан қалаларды абаттандыру, экономикасын көш ілгері дамыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінбек. Осылайша, егемен Қазақстанның гүл жайнаған қалаларының қатары арта түсері анық.

444 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы