• Қаржы
  • 19 Тамыз, 2021

Жұмыссыздықты қысқартудың жолдары жан-жақты қарастырылып жатыр

Мақсат ХАЛЫҚ, UIB бизнес 
мектебінің директоры, 
экономист

 

2021 жылдың екінші жартысында Сovid-19 вакцинациясын енгізу арқылы экономикалық тұрақтылық болады десе де, әлемдік экономика әлі  белгісіздікте тұр және экономиканы қалпына келтіру біркелкі болмайды деген қауіп бар.

Биыл – 2021 жылы жұмыс күшінің тұрақты же­тіс­пеушілігі әлі де байқалады. Атап айтқанда, халықаралық валюта қорының 2020 жылдың қазанындағы эконо­микалық болжамдарға сүйенсек, 2019 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 2021 жылы жұмыс уақытын 3,0 пайызға қысқарту жалғаса береді, бұл толық жұ­мыспен қамту эквивалентіндегі 90 миллион жұмыс орнына (FTE) сәйкес келеді.

2021 жылы жұмыс уақытының жоғалуы 4,6 пайызға, 2019 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 130 миллион жұмыс орнына сәйкес келді. Неғұрлым қолайлы жағдайды болжайтын оптимистік сценарий болса да, 2021 жылы, 2019 жылдың төртінші тоқса­ны­мен салыстырғанда әлемдік жұмыс уақытының 1,3 пайы­зы (немесе 36 миллион жұмыс орны) жоғалады деп отыр.

Bloomberg ақпараттық агенттігінің мәліметінше карантин уақытында АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 15%-ға жеткен, дәл осындай жағдай Ұлы депрессия кезінен бері болмаған екен.

Еліміздегі жағдайды қарастыру үшін ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне назар аударсақ, 2020 жылдың наурыз айында пандемияға дейін жұмыссыздық деңгейі 4,8% деп көрсетілген. Ұлттық эко­номика министрлігі былтырғы жазда Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі пандемияның салдарынан 5,8 пайызға шығуы мүмкін деп мәлімдеген. Халықаралық валюта қорының болжамына сай бұл көрсеткіш 7,8 %-ға дейін өсуі мүмкін.

Көршілес Ресейде 2021 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі тұтыну себетіне байланысты болмайды деген шешім қабылдаған болатын. Ресей елінің Еңбек министрлігі күнкөріс минимумын шартты тұтыну себетіне байланыстырудан бас тартуды және бұл көрсеткішті жан басына шаққандағы орташа табыстың 44,2%-ы ретінде есептеуді қолға алып жатыр. Бұл ұсынысты біздің елге де қолдануға болады.

Пандемиядан кейін жұмыссыздық жоғары деңгейде сақталса және экономиканың қалпына келуі бәсең болатын болса, көп адам өзінің отбасын асырау үшін қарызға кіріп, несие алу мүмкін екендігін көрсетеді. Нәтижесінде орта тапқа кіргендер немесе оған кіріп үлгер­мегендер арасынан жаңа кедейлер пайда болуы мүмкін.

Мәселені шешу үшін кедейшілік шегін нақты күнкөріс деңгейімен теңестіру және елдегі нақты кедей­шілік шегін қайта есептеу қажет. Бұған қоса ұлт­тық табысты тең бөлуде кешенді шара қабылдап, прогрессивті салық салу шкаласын енгізу керек.

Ең бірінші статистиканы дұрыстау қажет, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтамасыз еткен азамттарды жұмыссыздар қатарына қосу керек. Аталған азаматтардың бірнеше жылға созылған нақты жалақысының қысқаруы негізгі мәселе болып саналады. Нақты жалақының өсуі тек бюджет қызметкерлері оның ішінде, мұғалімдер мен дәрігерлер арасында байқалады, ал қалған топ минуста қалып отыр. Екінші мәселе – сауда және қызмет көрсету сала­сындағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жалдамалы жұмыскерлердің жалақысының қысқаруына да, карантиннің енгізілуіне де байланысты болып табылады. Олармен бірге логистика мен мейрамхана, қонақ үй секторы айтарлықтай шығынға ұшырады. Бұл екі салада 2020 жылдың басында 840 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып отырған.

Сонымен бірге Еңбек министрлігі биыл 1,22 млн адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларын жоспарлап отыр. Алайда бұл жақындап келе жатқан мәселелерді ішінара шешу ғана. Олардың негізгісі қызметкерлердің еңбек жағдайын одан әрі төмендеуіне  байланысты, бұған қазақстандық кәсіп­орындардағы ақша ағыны ахуалының нашарлауы себеп болуы мүмкін. Қазір компаниялар қызметкерлерін жұмыспен қамтамасыз етуге барларын салғанымен, бірақ жақын аралықта олардың қаражаты да таусылу үстінде. Әлемдік экономика әлі де пандемия қысымынан зардап шегіп келеді. Мұндай жағдайда жұмыс берушілер жұмысшылардың көпшілігінің жұмыспен қамтылуының икемді түрін сақтап қана қоймай, әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға мәжбүр болады. Бұдан әрі жағдайы тым нашарлайтын болса, олар адамдарды жаппай жұмыстан босата бастайды, содан кейін олар өзін-өзі жұмыспен қамту сегментінде өз орнын табуға тырысады. Қазірдің өзінде мәжбүрлі демалыста жүр­ген адамдар өмір сүру үшін жұмыспен қамтудың икем­ді түрлерін немесе уақытша табыс табудың тәсілде­рін қарастыруда. Бұл жайт барлық жерде орын ала бастады.

Жұмыссыздық және оның салдары туралы терең талқылау жүріп жатыр. Үкімет те бұл мәселені жетік түсініп, жұмыссыздықтың алдын алуға қатысты іс-шарасын бастап та кетті. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жақында жұмыссыздықты төмендетуге ба­ғытталған бизнестің жаңа жол картасын әзірлегенін жариялады. Аталған жол картасына 1 трлн теңге қаржы бөлінуі жоспарланған. Осыған сәйкес елімізде 242 мың жаңа жұмыс орнын ашу, сонымен қатар құны 50 млрд теңге тұратын «Еңбек» бағдарла­ма­сы арқылы 136 мың жаңа жұмыс орнымен қаматамасыз ету көздеп отыр.

1637 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы