• Цифрлы Қазақстан
  • 19 Тамыз, 2021

Жер қойнауын пайдалану: Электрондық аукцион арқылы беріледі

Биыл 18 қарашада электрондық аукциондар операторының сайтында: www.gosreestr.kz жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған кезекті электрондық аукцион өтеді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Айта кету керек, мұндай игі шара бұрын да іске асқан болатын, шын мәнінде жаңа технологиялардың оңды өріс табуы қуантпай қоймайды.

Бұған дейін 2020 жылғы 23 жел­тоқсанда 10 жер қойнауы учаскесі бойынша бірінші электрондық аукцион өткізілген болатын. Кө­мірсутектегі шикізатына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған екінші электрондық аукционды Энергетика министрлігі биыл 23 сәуірде 8 учаске бойынша өз интернет-ресурсын өткізді.

Энергетика министрлігі «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қой­науын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру мақсатында бірқатар құқықтық актілер қабылдады, оның ішінде «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шілдеде №269 бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде – №21038, 2020 ж. 30 шілде) қабылданған болатын.

Осылайша, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, егер аукциондар бұрын қағаз жүзінде жүргізіліп, қатысушыларға белгілі бір қолайсыздықтар туғызса, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға аукциондарға онлайн тәртіпте қатыса алады. Жаңа тетік нарықтың ашықтығын қамтамасыз етіп, бюрократияны және бизнес үшін де, мемлекет үшін де шы­ғындарды айтарлықтай азайтады.

Аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өту маңызды. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» кодексінде реттеледі, учаскелердегі кез келген техноло­гиялық процестер Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады.

Жер қойнауын пайдалану құ­қы­ғын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалға алу туралы шартқа қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті.

Аукционның барысын кез келген адам бақылай алады. Бұл үшін оператор – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ жеке ашық аукцион залын құрды.

Энергетика министрлігінің Facebook-аккаунтында онлайн-трансляция кезінде көрмеге қойылған учаскелер бойынша ағымдағы жағдай көрсетіліп және ол жарты сағат сайын жаңартылып отырады. Мына мәселені да атап айтқан орынды: министрлік тарапынан жер қойнауын пайдалану қатаң назарға алынған. Тек таяуда ғана жер қойнауын пайдаланушыларға әкімшілік бұзушылықтар мен жер қойнауын тиімсіз пайдаланғаны үшін 778 млн теңгеге шағым түсірілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Биыл қаңтар-маусымда көмір­сутегі, газбен жабдықтау және мұнай өнімдері саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде Энергетика министрлігі 94 тексеруді аяқтады. Оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 62 (газ желісі ұйымдарын аккредиттеу, көмірсутектер саласындағы лицензиялау), жоспардан тыс тексерулер – 20. «Жалпы сомасы 38,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынып, өндірілді. Бірінші жартыжылдықта жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 739,6 млн теңге сомасында залал есептелді, оның ішінде 712 млн теңге өндірілді», – деді энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев Орталық ком­муникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның мәліметіне сәйкес, ми­нистрлік 2020 жылы 169 тексеру жүргізген, оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 125. Нәтижесінде 47,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл өнді­ріп алынды, жер қойнауын тиім­сіз пайдаланғаны үшін шағымдар 1 млрд 833 млн теңгені құрап, соның 646 млн теңгесі төленді. «Қалған 1 млрд 187 млн теңге сомасына жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін залалды өндіріп алу бойынша жұмыс жүріп жатыр», – деп толықтырды Қарағаев.

Иса ҚАМБАР

 

6967 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы