• Цифрлы Қазақстан
  • 28 Тамыз, 2021

Азаматтық бастамалар қалай жүзеге асырылады?

«Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында Қызылорда облысының Қазалы және Жалағаш аудандарында мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендіру және өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған жобаларды іске асыру басталды.

Бұл өңірдегі тоғыз жобаның екеуі – шағын гранттар бай­қа­уының жеңімпаздары. Олар ауылда бастамаларды іске асыруға және дамытуға 500 мың теңге алды. Сараптама комиссиясы 433 өтінімнің ішінен конкурс шарттарына сай келетін үздік 60 жобаны іріктеп алды.

Қазалы ауданы Әйтеке би ауылындағы «Шапағат» ҚБ осы ұйымда тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларды сенсорлық интеграциялауды ұсынды. Олармен тәулік бойы ЕДШ мамандары, невропатолог, психолог, дефектолог және логопедтерден тұратын үш топ жұмыс істейді. ҮЕҰ басшысы Шынаркөл Жен­сикбаеваның айтуынша, конкурста жеңіп алған 500 мың теңге сенсорлық жабдықты сатып алуға жұмсалады. «Біз 90 адамды қамтуды жоспарлап отырмыз – бұл 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар және олардың ата-аналары», – деп атап өтті ол. 

Жалағаш ауданының Жа­ңаталап ауылында тұратын бастамашыл топтың белсендісі Жанарыс Түбекбаев ауыл жастарының қаржылық сауат­тылығы туралы ой қозғады. Ол гранттық қаражатты бейне сабақтарды түсіру және оларды www.kbh-finance.kz сайтында орнату жұмыстарын әзірлеуге жұмсаймыз деп шешті. Сонымен қатар барлық атқарылатын шараларды ойластыра отырып, ауылдық жерлерден келген 600 бала мен жасөспі­рімді қамтуға дайын екенін жеткізді. «Жобаның барлық қатысушылары қорытынды сауалнама мен тестілеуден өтеді. Үздік көрсеткіштері бар оқушылар инвестиция­лық сауаттылықты одан әрі дамытуға мүмкіндік алады», – дейді ол.

Сонымен қатар, Ж.Түбек­баевтың жоспарында ауылда­ғы әлеуметтік осал топтардан шыққан адамдарды өз бос уақытын ұтымды пайдалануға үйрету; отбасылық өмірдің эко­номикалық моделін құруға дайындау; оларды алаяқтар мен құмар ойындардың әсерінен қорғау мәселелері де бар.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

 

11330 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы