• Бизнес & Қоғам
  • 26 Тамыз, 2021

Этношеберхана іске қосылды

Алматы облысында жүн өңдейтін және ұлттық көрпелер шығаратын этношеберхана іске қосылды. Шеберхана «Тамшыбұлақ» қорының жетекшісі Жанат Есімбековтің бастамасымен Қапал ауылында ашылды.

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытып, жастарды кәсіпке үйретуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ-ның арнайы конкурсы шеңберінде берілген грант есебінен жүзеге асты.

– Қазіргі уақытта өз кәсібіңді ашып, еңбек ету керек. Сондықтан біз уақыт ағымына қарай өз кәсібімізді бастауға бел будық. Бағдарлама жеңімпазы атанып, қайтарымсыз несиеге қол жеткіздік. Ендігі кезекте ұлттық өнердің жаңғырып, дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді, – деді «Тамшыбұлақ» қорының жетекшісі Жанат Есімбеков.

Жобаның жалпы құны – 500 мың теңге. Бүгінгі күні 2 жұмыс орны құрылып, 10 адам ұлттық өнердің қыр-сырын оқып-меңгеруде. Бас­ты мақсат – ұлттық өнерді әдемі көрпелерге кестелей отырып, дәстүрді жаңғырту, жалғастыру.

Сондай-ақ Қапшағай қа­ла­сында көпбалалы ана Жанат Медетқызы да «құрақ көрпе» құ­рақ бұйымдарын жасаудың ескі техно­логиясын ойдағыдай дамытуда. 15 жылдан астам тәжірибесі бар қолөнер майталманы қапшағай­лық бойжеткендерге өз білгенін үйретуде. Сондай-ақ тапсырысты Қазақстанның барлық қалаларына жеткізеді. Ж.Медетқызының айтуынша, бір күнде цех тігіншілері 40-50 қа­лыңдыққа арналған жасау жүкте­рін тіге алады. Әрбір өнімге тігіншілер білек сыбана кірісіп, тапсырыстың сапалы шығуына барын салады. Тігіншінің ойынша, құрақ тігісі, көп уақыт кетсе де, көркемдік талғамды қажет ететін өте қызықты іс. Өйткені, түстер мен пішіндерді бір-бірімен үйлестіріп, үйлесімді үлгіге айналдыру керек. Құрақ жастықтар, көрпелер, жапқыш өзінің қанық түсті, сан түрлі оюларымен көптің таңдайын қақтырады. Цехта барлығы 20-дан астам өнім түрлері шығарылады.

Нұрлан ҚҰМАР

 

625 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы