• Білім & Ғылым
  • 30 Тамыз, 2021

Түркістанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады

Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 8 мектеп.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі күз айының алғашқы күнінде пайдалануға беріледі. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен өңірдің білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде айтылды.

Облыста 6 апатты  және  4 үш ауысымды мектеп бар, оның ішінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі. Қалған 4 апатты және үш ауысымды мектептің 3-нің мәселесі 2021-2023 жылдар аралығында толығымен шешімін табатын болады.

Биылғы жылы бағдарлама аясында жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 44 мектеп бюджет, 3-уі – жеке инвестиция есебінен. Алдағы уақытта 44 мектептен 17-сі пайдалануға тапсырылады. Бұдан бөлек, 108 мектепті жаңғырту жоспарланған.

Бұған қоса, облыста 12 мектеп­тің күрделі жөндеу жұмыстарына қар­жы қарастырылып, оның  5 мектебі осы айдың соңында аяқталса, қалған 6 мектеп жыл соңына дейін пайдала­нуға беріледі. Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақ­сатында облыста 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, облыстағы тех­никалық және кәсіптік білім беру саласына 2021-2022 оқу жылына орта білімді кадрларды даярлауға 52 мамандық бойынша 6 092 орынға мемлекеттік грант берілді. Оның 3 432 орны білікті жұмысшы кадрларды, 2 460 орны орта буын мамандарын, 200 орны қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлауға бағытталған.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

4194 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы