• Бизнес & Қоғам
  • 27 Тамыз, 2021

Шырын өндірісі де, бағасы да өскен

Шырындар өндірісі бір жылда 5%-ға, ал бағалары – 8%-ға өсіп кеткен. Алты айда Қазақстанда 31,8 млн литр жеміс және көкөніс шырындары өндіріліпті, деп жазады www.energyprom.kz сайты. Енді адам ағзасына аса пайдалы осындай өнімдер өндірісінің жайына нақтырақ тоқталсақ.

Жоғарыда айтқанымыздай, өткен жартыжылдықта ғана еліміз­де 31,8 млн литр түрлі шырындар өндірілген, басқаша айтқанда, осыдан бір жыл бұрынғыдан, бұл – 4,6%-ға артық. Аймақтарға бөліп қарастырар болсақ, барлық өндірістің 41,9%-ы бір ғана Алматы облысының еншісіне бұйырады екен: 13,3 млн литр – 2020 жылдың осындай кезеңіне қарағанда, бірден 3,7 есе артық.

Жалпы алғанда, 2020 жылы елімізде 58,9 млн литр шырындар өндірілген – бұдан бір жыл бұрынғыдан 21,3%-ға азырақ. Айта кету керек, шырындар өндірісі үш жыл қатарынан құлдырап келеді (1-инфографика).

Биылғы жылы 1,9 млн литр көкөніс шырыны өн­діріліпті, бір жылда минус 9,6% көрсеткішті құрап отыр. Іс жүзінде өндірістің барлық көлемі қызанақ шырынын шығару еншісінде екен: 1,9 млн литр – 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 6,7%-ға кем.

Жеміс-жидек шырынының өн­дірісі, керісінше, бір жылда 5,7%-ға, 29,9 млн литрге дейін өскен. Соның ішінде апельсин шырынын шығару 50,4%-ға, 12,6 млн литрге дейін, ананас шырыны – 11,6%-ға, 1,3 млн литрге дейін артқан. Алма шырыны (жылына 12,9%-ға, 6,5 млн литрге дейін) және жемістер шырындарының қоспасы (жылына 10,8%-ға, 7,4 млн литрге дейін) минуске түсіп кеткен (2-инфографика).

2021 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар жеміс-жидек және көкөніс шырындарына сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспортқа шығару) бір жыл бұрынғы 57,3% орнына 56%-ын қамтамасыз еткен, импортқа, тиісінше, ресурстардың 44%-ы бұйырған. Елімізге 23,3 млн литр шырын әкелінген, бұл, бір жыл бұрынғыдан – 0,5%-ға артық. Сек­тордағы экспорт үлесі көп емес. Ішкі нарыққа өткізу 52,5 млн литр шырынды құраған, яғни, бір жыл бұрынғыдан – 2,4%-ға кем. Басқаша айтқанда, бұл – айына 10,5 млн литр­ден деген сөз. Сөйтіп, бір тұр­ғынға орташа есеппен айына 0,55 литр шырыннан келеді (3-инфографика).

2021 жылғы шілде айының қо­рытындысы бойынша жеміс және көкөніс шырындарына бағалар бір айда 0,8-ға және жылына – 7,6%-ға өскен. Соның ішінде жеміс шырындары жылдық серпінде 7,6%-ға, көкөніс – 8%-ға қымбаттап­ты. Бағалардың өсуін бәрінен де күштірек Шығыс Қазақстан (жылына 15,3%-ға), Атырау (14,9%-ға) және Қостанай (12,7%-ға) облыстарының тұрғындары сезінген. Көкөніс шырындарының мейлінше жылдық қымбаттауы Атырау (14,5%-ға) және Шығыс Қазақстан (12,3%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (12%-ға) тіркелген (4-инфографика).

Иса ҚАМБАР

1231 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы