• Қаржы
  • 27 Тамыз, 2021

Самұрық-Қазына: Көміртегі ізін азайту бағытында

Экономикада көміртекті пайдалану деңгейін төмендетуді мемлекеттер мен корпорациялар жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселе ретінде қарастырып отыр. Өйткені, климат өзгерісінің салдары барған сайын артып, белсенді әрекетті қажет етуде. Алдағы жылдары бұл үдерістер тек үдей түседі, сәйкесінше, энергетикалық жүйеде де түбегейлі өзгерістер орын алуы керек.

2035 жылға қарай әлемдік энергиямен жабдықтаудың жартысы жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) қамтамасыз етіледі, деп топшылайды сарапшылар.

 

 

Қазақстан 2015 жылғы Париж келісімі аясында парникті газ шыға­ру деңгейін 2030 жылға дейін 1990 жылдың деңгейінен 15%-ға азайту міндеттемесін алған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев келешекте көміртекті бейтараптыққа жету мақсатын қойды, бұл мәселелерге бірнеше рет тоқталып, бүкіл әлемде өнеркәсіп пен экономиканы декарбонизациялаудың тұрақты үрдісі байқалып отырғанын атап өтті. Мысалы, Еуроодақта парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға қарай 55%-ға төмендету жоспарлануда. ЕО 2023 жылдан бастап «carbon tax» көміртегі салығын енгізеді, ал бұл қазақстандық өнімнің экспортын айтарлықтай қиындатуы мүмкін. Яғни, жаңа жағдайлар шындығын ескере отырып, техникалық регламенттер, тауарларға қойылатын стандарттар мен талаптар өзгереді. Президент атап көрсеткендей, дүниежүзілік дамудың осы кезеңінде кез келген елдің мәртебесі мен беделі, халықаралық мүмкіндіктері негізінен әлемдік экономиканың декарбонизациясына қосқан үлесімен анықталатынын түсіну маңызды. Мәселен, бұл біздің елдің ЭЫДҰ-ға кіру мүмкіндігін анықтайтын өл­шемдердің бірі болады.

Осы тұрғыда ел компаниялары экономика декарбонизациясына қаншалықты үлес қосуда? Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және әлем­дік тенденцияларға сүйене отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейін төменкөміртекті дамуының тұжырымдамасы жасалуда. Үкімет сонымен қатар Ұлттық электр энергиясын дамыту жобасымен айналысып жатыр. Сондай-ақ елдің 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансы дайындалуда. Самұрық-Қазына қоры көміртекті пайдалану деңгейін төмендету бағдарламасын іске асыруды қолға алды. Портфельдік компаниялармен бірқатар кеңестер өткізіліп, декарбонизация бойынша көрсеткіштер мен стратегиялық мақсаттар айқындалды. Кеңестер барысында портфельдік компания­ларға көміртекті пайдалану деңгейін төмендетудің нақтыланған шаралар жоспарын және тиісті жобаларды әзірлеу тапсырылды. Іске асқан жұмыстардың нәтижесі Қор тобында көміртекті азайтудың әлеуетін дұрыс бағалап, болашақта көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Компаниялардың қызметін­де көміртекті қалдықтарын азайту активтердің ұзақмерзімді құн­ды­лығын арттыра түсіп, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде инвес­тициялық тартымдылы­ғын ұлғайтады. Қор басшылығы қор­шаған ортаға айтарлықтай әсер ететін «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Самұрық-Энерго», «ҚазТрансГаз», «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК», «Бір­лес­кен химиялық компания», «Тау-Кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақ­телеком» мен «Эйр Астана» сияқты компанияларының энерго­ауысу жоспарларымен танысты. Күн тәртібіндегі бастамалар ең алдымен көмір қуатын алмастыруға, газ және гидроэнергетиканы дамытуға, баламалы энергия көздеріне негізделген жаңа қуат өндіру нысандарын іске қосуға, жеке пайдалану үшін қайта жаңғыратын энергия көздерінің құрылысына, энерготиімділікке, қуат жинақтауға, көміртекті аулап, сақтау технологияларын енгізуге, сутекті энергетиканы дамытуға және жасыл­дандыру шараларын іске асыруға бағытталған. Климаттық жобаларды қаржыландыру мақсатында «жасыл облигациялар» тәрізді қосымша қаржы құралдары қарастырылып жатыр.

«Самұрық-Қазына» АҚ бас­шылығы тұрақты дамуды бас­ты басымдықтардың бірі ретінде айқындаған. Бұл ретте қордың басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев атап өткендей, эколо­гиялық жауапкершілік мәде­ние­тін қалыптастыруға, цифрлық шешімдерді енгізуге, жалпы жасалып жатқан барша қадамдардың экономикаға әсерін бағалауға бағыт­талған кешенді шараларды қабылдау қажет.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

1490 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы